• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астананың жаңа темір жол вокзалы қазақстандық жиһаз өндірушілердің өнімдерімен жабдықталады

Астананың жаңа темір жол вокзалы қазақстандық жиһаз өндірушілердің өнімдерімен жабдықталады

19 Тамыз, 2016 16:34
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Sembol»бас мердігер компаниясы Астанадағы жаңа темір жол вокзалын отандық жиһазбен жабдықтауды көздеп отыр, деп хабарлады «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

Жолаушыларға және вокзалдың жеке қызметкерлеріне арналған жерлерде қазақстандық өндірушілердің жиһаздары орналастырылады.

«Нарыққа жүргізген сараптамамызда қазақстандық өндірушілердің бағасы шетелдіктерге қарағанда біршама арзан екендігіне көзіміз жетті», - деді «ҚТЖ» ҰК» АҚ Ірі жобалар дирекциясының бас инженері Игорь Гайдук. 

Шілде айының басында вокзал құрылысының бас мердігері «Sembol» компаниясы мен Жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсіптері қауымдастығы арасында әріптестік туралы келісім жасалып, жұмыс комиссиясы құрылды.

«Астана  жаңа темір жол вокзалы – ұлттық жоба, елордамыздың қақпасы. Біздің кәсіпорындарымыз үшін бұл жобаға қатысу – зор мәртебе!», – деді Жиһаз қауымдастығының ресми өкілі Қанат Ыбраев.

Бұдан өзге, жаңа вокзал маңындағы аумақты көгалдандыру мәселесі де қарастырылуда.

Барлық жаңалықтар