• Басты
  • Астанадағы тамыз кеңесінде білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды
19 Тамыз, 2016 11:26

Астанадағы тамыз кеңесінде білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды

Астанада Қазақстанның білім беру қызметкерлерінің қатысуымен республикалық кеңес өтті. Шараға 1600 педагог пен білім беру өкілі қатысты. Кездесу «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық платформа міндеттерін іске асыру белгісімен өтеді және тамыз кеңесінің тақырыбы «Білімді ел - Мәңгі ел» деп аталады.Пленарлық отырыс жұмысына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаева, ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев, облыстық білім беру ұйымдарының өкілдері, ЖОО ректорлары, мектеп директорлары, мұғалімдер, ата-аналар қауымының өкілдері, БАҚ, «Нұр Отан» ҰДП, «Атамекен» ҰКП қатысты.

Астанадағы тамыз кеңесінде білім беруді  дамытудың өзекті мәселелері талқыланды | Strategy2050.kz

Отырыс барысында білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланатын болады, сонымен қатар, алдағы оқу жылына білім беру ұйымдарының дайындықтары талқыланады.

Министр  мектепке дейінгі білім беру саласы мен орта білім, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары білім беру туралы айтылды. Сондай-ақ, министр Тәуелсіздіктің жетістігі туралы айтып өтті.

 «Тәуелсіздік алған жылдары білім саласы бірталай табыстарға қол жеткізді. Үлкен және маңызды жұмыстар атқарылды. 450 мемлекеттік балабақша салынды. Сонымен қатар, жекеменшік балабақшалар саны 10 есе өсіп, яғни 2200-ге дейін жетті. Бұл жеке инвестицияның 100 миллиард теңге қаржысы. «Балапан» бағдарламасының арқасында 3-6 жастағы балаларды балабақшамен қамту 2,5 есеге өсіп, 82 пайызды құрады. Биыл алғаш рет балабақшаларда 400 мың орынға мемлекеттік тапсырысқа қаржы бөлінді. Бүгін біз мектепке дейінгі дайындықпен балалар жүз пайыз қамтамасыз етілді деп айта аламыз», - дедi министр.

Атап өтсек, бүгiнгi таңда елiмiзде 9 мыңнан астам балабақша жұмыс iстеп жатыр.

«Орта білім беру саласындағы біздің басты жетістіктеріміздің бірі, бұл 2016 жылдан бастап мұғалімдердің жалақысының ұлғаюы. Бұл маңызды мәселе. Біз мұғалімдердің еңбек ақы төлеу жүйесінің өзгерістері бойынша жұмысты жалғастырудамыз және олардың еңбектерін түсінеміз. Алайда, білім беру сапасы да өсу керектігін ұмытпауымыз керек. Осы бойынша жұмыс жасаймыз.Кадрларды қайта даярлау бойынша бағдарлама ауқымды болып табылады. Осы жазда бастауыш сынып оқушыларының 73 мың мұғалімі жаңартылған мазмұн бойынша біліктілік курсынан өтті. Олар жаңа контентті құндылығы бойынша бағалады және оны жұмыс барысында прогрессивті және қолайлы деп есептейді»,-деді министр.

Сондай-ақ, Е.Сағадиев айтып өткендей, 2-3 жыл ішінде барлық сыныптарды бейнеқондырғымен қамту қарастырылған.

«Сондай-ақ, біз, баспагерлерге авторлардың бейнесүйемелдеуі бар қосымша базалық кітаптарды бастауын ұсындық және бұл мұғалімдер үшін қосымша көмек көзі болады. Оқыту барысында қосымша ұлттық құрал ретінде бейне материалдар мен интерактивті сабақтар тиімді болады. Олар оқу үрдісін көрнекті және есте қаларлықтай етеді. Мектеп оқушыларының оқуға деген ынтасы пайда болады. Интернет желісіне мүмкіндігі жоқ мектептерде сандық ресурстар мектеп серверлерінде орналастырылуы мүмкін және мезгілімен жаңартылады»,-деді министр.

Министрдің ақпараты бойынша, бүгінгі күні 700-ден астам оқушы қазақстан мен шетелде жасалған осындай ресурстарды пайдаланады. Мұғалімдердің ойынша, оның нәтижесі оңтайлы.

«Бір ай бұрын ҰБТ мен КТА аяқталды. Білім беру грантына ие болғандардың тізімі шықты. Қайырымдылық гранттарды беру бойынша 87 ЖОО алды. Биыл ҰБТ жаңа формат бойынша өтті. Бірінші рет тесттен өтпеген балалар қайта тапсыруға мүмкіндік алды. Абитуриенттер сондай-ақ, орта деңгейден өтпесе де, ақылы түрде ЖОО-ға түсуге мүмкіндік алды. Бұл студенттердің оқуға жолдама алуын жеңілдетті», - деді ол.

Сондай-ақ, министр айтып өткендей, ЖОО-лар өзіне тән диплом нұсқасын 2021 жылдан бастап  бере бастайды.

«Қазір бәсекелестік сапаның қозғалтқышы сияқты өсуде. Абитуриенттер ЖОО статусына қарай жұмысқа орналасу барын да сезінеді.

Кәсіптік стандарттарды дайындау және бекіту белсенді жүруде. Ол ұлттық білікті талаптарды енгізуге мүмкіндік береді.

«Өткен жылдың күз айларында алдағы 4 жылға арналған білім беру мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бұл бағдарламада біз сіздердің пікірлеріңізді барынша қолдануға тырыстық. Ол үшін ауқымды талқылаулар өткізілді, оған сіздер де қатыстыңыздар. Мен бүгін мені және қоғамды мазалайтын сұрақтарға тоқталғым келеді. Біріншісі. Ұстаз мамандығының  мәртебесі мен беделін арттыру бойынша жұмысты жалғастыру қажет. Мектептерде материалдық-техникалық базаны арттыру қажет», - деді Д.Назарбаева.

Д.Назарбаеваның айтуынша, білім ұйымдарының ұйымдастыру-құқықтық мәртебесін өзгерту сұрағы қарастырылуда.  Жан басына қаржыны енгізу, ата-ана комитеттері мен қоғамның мектептерді басқаруға қатысуын жүзеге асыру қажет. Барлық мектептерді паспорттауды бюджеттік дамыту мен қаржылық мәселе кезінде субъекті көзқарасты жою үшін қолдануған абзал.

«Мектеп тарапынан да жоғары жауапкершілікпен сүйемелденуі керек. Білім сапасы – балаларымыздың сапасы. Елдің болашағы», - деді Д.Назарбаева.

«Бүгінде  педагогикалық қауымдастық пен қоғам алдында тұрған мәселе – ортақ күш-қуатпен мінсіз миектеп моделін құрастыру. Алға жылжу үшін біз нақты мақсатымызды көруіміз керек. Оның негізі – ойлауды дамыту, сауаттылық пен бала әлеуетін қолдану», - деді ол.

«Келесі бір мәселе – қоғамдық резонанс туғызған үш тілді білім беру жүйесі. Бұл полемикада көптеген түсініксіз қатеyің болуына бізден де кінә бар. Оны мойындаймыз. Ол мәселе түрлі пікірлер мен айтыс туғызды. Үш тілді білім беру жүйесі кезең-кезеңмен жүзеге асады және ең алдымен 10-11 сыныптарда тек 2019 жылы ғана басталады. Осы мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын ұстаздар мен оқушылар, олардың ата-аналары арасында әлі де жүргізу керек», - дейді ол.

Алдағы екі жылда үш тілді білім беру жүйесін енгізу үшін барлық қажетті жағдай жасалады. Ұстаздарды қажетті біліммен даярлайды. Қазірдің өзінде 5 мыңнан астам ұстаз өз еркімен 4-9 айлық тілдік курстарға жазылды. Сол уақыт аралығында олардың жұмыс орны мен еңбекақысы сақталады.

«Ал ұстаздардың дайындық деңгейін біз 2018 жылы бағалаймыз және сараптама нәтижесін Елбасыға баяндаймыз. Сондықтан дүрбелең жасауға ешқандай негіз жоқ. Қазақ тіліне ештеңе кедергі келтірмейді, керісінше, орыс тілді мектептерде мемлекеттік тілді оқытуды күшейту жоспарланып отыр. Қосымша екі пән – қазақ әдебиеті мен қазақ тариxы қазақ тілінде оқытылады. Бүгінде білім және ғылым министрлігі тілді оқытудың жеңілдетілген әдісін әзірлеп жатыр», - дейді Д.Назарбаева.

Айта кетейік, 450 мемлекеттік балабақша салынды. Сонымен қатар жекеменшік балабақшалар саны 10 есе өсіп, яғни
2200-ге дейін жетті. Бұл жеке инвестицияның 100 миллиард теңге қаржысы. «Балапан» бағдарламасының арқасында 3-6 жастағы балаларды балабақшамен қамту 2,5 есеге өсіп, 82 пайызды құрады.Биыл бірінші рет балабақшаларда 400 мың орынға мемлекеттік тапсырысқа қаржы бөлінді. Оған қоса, 1-сынып  бірыңғай базалық оқулық  бойынша білім алатын болады.

Индира Кауметова 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды