• Басты
  • Талдықорғанда 300 орындық аурухана ашылды
19 Тамыз, 2016 10:24

Талдықорғанда 300 орындық аурухана ашылды

Талдықорған қаласында Талдықорған қалалық көп салалы аурухана ашылды, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Талдықорғанда 300 орындық аурухана ашылды | Strategy2050.kz

 « Бүгін «100 мектеп, 100 аурухана» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынған Талдықорған қалалық көп салалы аурухананы ашуға жиналып отырмыз. Бұл - тек қалалықтар үшін ғана емес, облыс халқы үшін аса маңызды жаңалық. Салынып жатқан кезінде бірнеше рет келіп, құрылыс жұмыстарының қалай жүріп жатқанын көріп қайттым. Бүгін, міне, мемлекет қолдауының нәтижесінде жоспарымыздың орындалғанына куә болып тұрмыз. Жетісулықтар енді заманауи ауруханада емделетін болады.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында әрбір азаматтың денсаулығын нығайтуға, қорғауға барынша жағдай жасалып отыр. Облыс тұрғындарының саулығын үшін медицина мамандарының бар білімі мен білігін салуына бүгінгі ашылып отырған аурухана зор мүмкіндіктер береді деп сенемін. Мұндағы ең озық медициналық құрал-жабдықтарды күтіп ұстап, халықтың игілігіне жаратыңыздар, - деді облыс әкімі құттықтау сөзінде.

Осындай құттықтау сөзді әріптестеріне медицина қызметкерлері де арнады. Олардың арасында денсаулық сақтау саласының ардагері Шаймерден Садықов және аурухана дәрігері, уролог Асқар Садықов та бар. Олар осындай ауқымды, толық жабдықталған, медицина мамандарының нәтижелі жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасалған жаңа аурухана үшін ризашылықтарын жеткізіп, өз істерін мінсіз атқаратындарына сендірді.

Салттанатты жиында «Астана Құрылыс» компаниясының бірінші вице-президенті Қайрат Сандықбаев аурухананың бас дәрігері Сәуле Құсмолдановаға ғимараттың символикалық кілтін тапсырды.

Облыс әкімі А. Баталов өңір ардагерлерімен бірге жаңа аурухананы аралап, қонақтарды ондағы құрал-жабдықтармен таныстырды, емделушілермен тілдесті.

Талдықорған көп салалы ауруханасының құрылысына 9 371,0 млн. теңге, оның ішінде жергілікті бюджеттен 1 887,0 млн. теңге бөлінген. Аурухана жалпы құны 4 094 млн. теңге болатын заманауи медициналық құралдармен, техникалармен жабдықталған. Кадрлық құрамы - 676 бірлік, оның 143-і - дәрігерлер.  

Ғимараттың жалпы алаңы 33 885,6 шаршы метрді құрайды. Ауруханада стационарды алмастыру, станционарлық, жоғары кәсіби медициналық көмек көрсетіледі. Аурухана құрылымында терапия, хирургия, политравма және қалпына келтіру ортохирургиясы, нейрохирургия, миниинвазивті хирургия, оториноларингология және жақ-бет сүйек хирургиясы, урология және офтальмология бөлімдері жұмыс істейді. Құрал-жабдықтардың ішінде – магнитно-резонанстық томография, эксимерлік лазер, барокамера, эндобейнехирургиялық құрылғы және басқа да жабдықтар бар.

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды