Ақтөбе облысында 341 мың гектар дәнді дақылдарды жинау жоспарланған

19 Тамыз, 2016 09:42
Ақтөбе облысында 341 мың гектар дәнді дақылдарды жинау жоспарланған, деп әкімдікте хабарлайды.

«Бұндай өнім соңғы 7-8 жылда алғаш рет болып тұр. Егіс алқабының алаңы жердің 567,6 мың гектарын құрайды, оның ішінде дән – 304,9 мың, күнбағыс-38,6 мың гектар, картоп-5,95 мың гектар, көкеністер-4,97 мың, бақшалар-0,87 мың және жемшөптік-177,2 мың гектарды құрайды»,-деп әкімдіктің хабарламасында айтылған.

Егін жинау жұмыстарын атқару үшін облыс арзандатылған дизельдің 10,9 мың тоннасын алды. Бұл дизельдің көлемі жұмысты жасап шығуға жеткілікті.

Облыста 7 элеватор жұмыс жасайды және олар астықты 438 мың тоннаға дейін қабылдап алуға дайын, көлемі 123,4 мың тонна болатын 184 астық қоймасы бар. Егін жинауға 1734 комбайн және 1287 жүк автокөлігі жұмылдырылады.

Әкімдіктің мәліметі бойынша, қазіргі күні 34,1 мың гектар аумақ жиналды, орташа өнім гектардан 10,4 центнерді құрайды, ал орташа облыстық көрсеткіш Хромтау, Алғын, Мартұқ, Қарғалы, Қобдин аудандарында байқалады.

Жаппай егіс жинауды20 тамыздан бастайды және жұмысты 25 қыркүйекке дейін аяқтау жоспарланған. Сонымен қатар, 2016-2017 жылдарға 2 млн тонна көлемінде шөп қоры дайындалған.

Сондай-ақ, әкімдікте суармалы жер жобаларды қалпына келтіру бойынша жобаларды дайындау мәселесін ақпараттандырды.

Барлық жаңалықтар