- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Қытай авиация саласындағы ынтымақтастықты талқылады (ФОТО)
Қазақстан мен Қытай авиация саласындағы ынтымақтастықты талқылады (ФОТО)
19 Тамыз, 2016 09:23
Астанада ҚР Қорғаныс министрлігінде ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Оқас Сапаровтың ҚХР әскери-өнеркәсіп кешенінің құрамына кіретін бас директордың орынбасары Ли Юйхай мырзаның басшылық етуімен AVIC қытай мемлекеттік авиациялық корпорациясының өкілдерімен кездесуі өтті, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Кездесуде авиациялық саладағы ағымдағы жағдай мен ынтымақтастықтың болашақ бағыттарын талқылады. Оның ішінде, ҚР Қарулы Күштерінің мұқтаждығы үшін әскери-көлік авиациясының ұшақтары мен ұшқышсыз ұшу аппараттарын жеткізіп беру мүмкіндігі талқыға салынды.
Екі елдің өкілдері Астана қ. авиациялық-техникалық орталығының базасында техникаға сервистік қызмет көрсетуді ұйымдастыру мүмкіндіктерін талқылады.
Әскери секторда AVIC корпорациясы жойғыш және әскери-көлік авиациясының ұшақтарын, оқу және оқу-жаттықтыру ұшақтарын, сондай-ақ, авионика, ҰҰА, пилотаждық тренажерлар мен өзге де әскери өнімді шығаруда мамандандырылып жатқанын айта кетейік.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды