Ақмола облысында жаңа кәсіпорын ашылды

30 Қараша, 2013 11:15
Тұңғыш Президент Күніне орай Ақмола облысы Макинск қаласында жаңа өнеркәсіптік нысан ашылды, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Макинск қаласында ҮИИД МБ бойынша «Бұланды Астық» ЖШС заманауи элеватор іске қосылды. Жобаның құны - бір млн теңге», - делінген хабарламада.

Кәсіпорын 30 мың тонна астықты сақтайтын қоймаға ие және тәулігіне 100 тонна ұн өндіре алады.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында нысанға қажетті инфрақұрылым пайдаланылып, 44 адам жұмыспен қамтылды.

 

Барлық жаңалықтар