- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандағы барлық мектептер таңдаулы болуы керек – Назарбаева
Қазақстандағы барлық мектептер таңдаулы болуы керек – Назарбаева
«Талқыланатын басты мәселе – оқу жоспары мен оқулықтың сапасы. Бұл тақырып әркімге жақын. Біз балаларымыз сапалы кітаптардан білім алғанын қалаймыз. Бұл бағытта жұмыс барынша жалғасуда. Биыл бірінші сыныптардың барлық оқулықтары бірыңғай базалыққа көшіріледі. Олар алдыңғы жылдардың кемшілігін ескеріліп дайындалды. Біз ол үшін өз алғысымызды айтуымыз керек. Себебі, Мәжіліс депутаттары бұл іспен күресті», - деді Премьер-Министрдің орынбасары Дариға Назарбаева.
Ол өңірлердің барлық мектептері сапалы оқулыққа қол жеткізетіне уәде берді.
«Бүгінде бірыңғай оқулықтардың 95 пайызы басылды. Өз уақытында жеткізу мәселесі министрліктер мен әкімдіктердің бақылауында тұр. Мен әрбір әкімге хабарласып, оқулықтарды уақытында жеткізу мәселесіне көңіл бөлуін сұраймын», - деді Д.Назарбаева.
Ол айтып өткендей, қазір екінші сынып үшін оқулықтар әзірленуде.
«Біздің ғалымдар мен сарапшылар екінші сынып оқушылары үшін оқулықтар әзірлеп жатыр. Бұл жұмыс жоғары деңгейде өткізілуі керек. Білім саласындағы комитет бұл бойынша жұмыс жүргізуде. Оқулықтарды дайындау үшін қоғам тартылды. Меніңше, бұл мәселеде жақсы кеңестер мен пікірлер алдық», - деді ол.
Сондай-ақ, Дариға Назарбаева жоспарда мектептерді бейнеқондырғымен қамту да бар екенін айтып өтті.
«Біз ақпараттық технологиялар заманында өмір сүріп жатырмыз. Бұл ұстаздардың жұмысын әлдеқайда жеңілдете түседі. Бұл қондырғылармен барлық мектептер қамтылады. Барлық мектептер таңдаулы болуы керек. Жаңа қондырғылар үздік білім беру бағдарламаларына, ресурстарына қол жтекізуге мүмкіндік береді. Бұл бізге барлық өңір мектебіндегі сапаны арттыруға көмектеседі», - деді ол.
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Қазақстандағы банк секторының даму бағыты -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Қазақстандағы эпиджағдай: Коронавирус жұқтырғандар саны 2 есеге өскен -
Қазақстандағы миграцияның негізгі тенденциялары -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Қазақстандағы эпиджағдай: Коронавирус жұқтырғандар саны 4 есеге артты -
Жаңа қаулы: Вакцинаны кімдер және қашанға дейін алу керек