• Басты
  • Жаңалықтар
  • Тамыз кеңесі білімді дамытуға немқұрайлы қарамайтын өз ісінің мамандарын жинайды – Назарбаева (ФОТО)

Тамыз кеңесі білімді дамытуға немқұрайлы қарамайтын өз ісінің мамандарын жинайды – Назарбаева (ФОТО)

18 Тамыз, 2016 17:33
Тамыз кеңесі білім беру саласының барлық мәселелерін талқылайтын ең ірі ашық диалог болып есептеледі. Тамыз кеңесі білімді дамытуға немқұрайлы қарамайтын өз ісінің мамандарын жинайды. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Дариға Назарбаева тамыз кеңесінде мәлімдеді.

«Бүгін біз өз өмірлерін ағартушылыққа арнаған ұстаздармен тікелей әңгімелесе аламыз. Біз сіздермен білім беру саласында жұмыс істейміз, оның маңызы әрбір қазақстандық үшін өте маңызды. Бұл салада проблема аз емес, алайда біз алға ілгерілеуді көріп отырмыз. Біз дұрыс жолды таңдағанымызға сенімдіміз. Тамыз кеңесі білім беру саласының барлық мәселелерін талқылайтын ең ірі ашық диалог болып есептеледі. Тамыз кеңесі білімді дамытуға немқұрайлы қарамайтын өз ісінің мамандарын жинайды», - деді Д.Назарбаева.

Өз сөзінде Д.Назарбаева биыл білім және ғылым министрлігі өте ауқымды жұмыс атқарғанын айтып өтті. Панельдік сессиялардың толық сериясы өткізілді. Мектепке дейін білім берудің ауқымды спекторы талқыланды.

 

Барлық жаңалықтар