ИДМ жолаушыларды тасымалдауды анықтау бойынша байқау өткізеді

19 Тамыз, 2016 09:02
ИДМ жолаушыларды тасымалдауды анықтау бойынша байқау өткізеді, деп хабарлады ведомство.

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 29 ақпандағы № 239 бұйрығымен бекітілген Инвестициялар және даму жөніндегі Қоғамдық кеңесі «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы № 383-V ҚРЗ Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 3-тармағына сәйкес өз қалауымен шығып кеткен Қоғамдық кеңес мүшесінің орнына оның өкілеттігінің қалған мерзіміне  Қоғамдық кеңесінің құрамына қосу үшін кандидатты сайлау туралы конкурс жариялайды.

Коммерциялық емес ұйымдардың және азаматтардың ұсыныстары кандидаттың АЖТ, қызметінің саласын, өмірбаян деректерін және байланыс мәліметтерін көрсете отырып, үлгіге сәйкес Министрліктің атына 22 тамызға дейін жіберілуі тиіс.

Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған азаматтары Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат:сотталғандығы болмауы;сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танылмаған болуы тиіс;психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауы тиіс.

Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлана алады, сондай-ақ қоғамдық кеңестерді қалыптастыру кезінде сол бір адам бір Қоғамдық кеңестің ғана мүшесі болып сайлана алады.

Жоғарыдағы талаптарға сай келмейтін кандидаттар конкурсқа жіберілмейді.

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар