• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан мен Украина атом-өнеркәсіптік саласындағы өзара байланысты талқылады

Қазақстан мен Украина атом-өнеркәсіптік саласындағы өзара байланысты талқылады

18 Тамыз, 2016 19:13
ҚР Энергетика министрі Қ.Бозымбаев Украина Энергетика және көмір өнеркәсібі министрі И.Насаликпен кездесу өткізді, сонымен қатар кездесуге «Қазатомпром» ҰАК» АҚ, «Энергоатом» ҰАЭК» ММ, «Ядерное топливо» МК, «Восточный горно-обогатительный комбинат» ММ және «Смолы» ММ басшылары қатысты.

Кездесуде энергетикалық ынтымақтастық бойынша өзекті мәселелер, сонымен бірге Қазақстан Республикасына Украина Президенті П.Порошенконың 2015 жылғы 8-9 қазандағы ресми сапары шеңберінде қол жеткізілген уағдалыстықтарды іске асыру барысы қарастырылды, деп хабарлады ведомство.      

Сонымен қатар, тараптар осы саладағы ынтымақтастықтың одан әрі практикалық қадамдарын анықтай отырып, Қазақстан мен Украина атом-өнеркәсіптік кешеніндегі кәсіпорындардың арасындағы өзара іс-қимылды дамытудың ықтимал бағыттарын талқылады.

 

 

Барлық жаңалықтар