• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда су ресурстарын қолдануда «жасыл» модельді енгізу үшін қосымша 20 квота бөлінеді

Қазақстанда су ресурстарын қолдануда «жасыл» модельді енгізу үшін қосымша 20 квота бөлінеді

18 Тамыз, 2016 15:13
«Қазақстанның Жасыл Экономика моделіне өтуді қолдау» бірлескен жобасы бүгінде «жасыл» модельдерді қолдануда.

ЕК/БҰҰДБ/ЕЭК БҰҰ бірлескен жобасы қоғамдық ұйымдар мен гранттық бағдарламалар үшін қосымша 20 квотаны енгізеді. ҰЕҰ қатысушыларының біреуі суды үнемдейтін кешендік құрылғыны енгізу үлгісін көрсетті, ол үш есеге  суды қолдануды қысқартады, ол солтүстіктің климатында  астық алуға мүмкіндік береді.

Өзге қоғамдық ұйым Қызылорда облысында  мембрандық тазартқышты орната отырып, 8 мектептің оқушылары мен қызметкерлерін таза сумен қамтамасыз етті. Мәселен, «РКО ЕСО» АҰ жобасы Ақтау қаласының көпқабатты үйлерінің сумен қамтылуын қамтамасыз етеді. Қарағанды облысында су көзін жөндеген соң, су көлемі 30-40 пайызға жақсарады. ШҚО-да күн су қыздыру қондырғыларын әлеуметтік нысандарда орнатқан соң электрді пайдалану 20 пайызға қысқарды.

«Биоге» АҰ жаңа технологияларын енгізуді   Туркістан қаласының көшетханаларында орнатқан соң  көкөністі өсіру шығыны 10 есеге қысқарды. Жоба аясында фермерлер кооперативке бірікті, осы жылы жоғары экономикалық табысқа жетіп, аз уақыттың ішінде 3 астық жиналды.  «Әйел нұры» АҰ  «Жасыл экономика» түсінігін халық арасында насихаттауға бағытталған.

Аталмыш жобалар Қазақстанның әр өңірінде өз мысалдары арқылы «жасыл» экономикаға өтуді түсіндіріп жүр.  Барлық технологияларды жан-жақты қолдану мен сәтті жүзеге асыру «жасыл» технологияны қолданғысы келетіндерге ашық мысал бола алады.

Индира Кауметова

 

 

Барлық жаңалықтар