• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астана әкiмдiгi көшелердi су басу проблемасын шетелдiк мамандармен бiрлесiп шешуде

Астана әкiмдiгi көшелердi су басу проблемасын шетелдiк мамандармен бiрлесiп шешуде

18 Тамыз, 2016 13:32
Бүгiн Астана әкiмдiгiнде қала әкiмi Әсет Исекешевтiң және 100 астам шетелдiк компания өкiлдерiнiң қатысуымен «Су тартудың өзектi мәселелерi: Ағынды суларды тазарту. Нөсер және дренажды кәрiз» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтiп жатыр. Онда бұрыннан берi елордалықтардың проблемасына айналған Талдыкөлдiң жағымсыз иiсi мен жауын суын ағызуға арналған кәрiз жүйелерi мәселелерi талқылануда.

«Қалалық нөсер кәрiз жүйесi 8 кешендi тазарту құрылысынан және 2 жинақтағыштан тұрады. Нөсер кәрiз коллекторларының жалпы ұзындығы 300 км асады, су жинақтағыштың жалпы ауданы - 8,5 мың га. Қалада нөсер кәрiз жүйесiн дамыту жұмыстары жүргiзiлуде. Елорданың сол және оң жағалауындағы бiрқатар көшеде жөндеу жұмыстары жасалып, қаланың ескi бөлiгiнде тексеру жұмыстары жүргiзiлуде. Астана көшелерiн су басу жағдайларына жол бермеуге, су тартуды қамтамасыз етiп, Кiшi Талдыкөлдiң суын азайтуға бағытталған жобалар қолға алынды. Қазiргi кезде су тарту бойынша мәселелердi жүйелi шешу үшiн халықаралық институттармен, инженерлермен және эксперттiк топтармен бiрлесiп нөсер кәрiзi жүйесiн одан әрi дамыту бағдарламасы әзiрленiп жатыр», - дедi Астана қаласы Коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Төлеген Закарьянов.

Оның айтуынша, 2030 жылға дейiн Астана қаласының сумен жабдықтау және су тарту жүйелерiн дамыту үшiн елорда әкiмдiгi Астана су тоғанын қалпына келтiру, екi магистральдi су таратқыштың құрылысы, ауыз суға деген сұранысты қанағаттандыру үшiн жаңа сорғы-сүзгiлеу станциясын салу қарастырылған жобаларды әзiрлер жатыр.

 

 

 

Барлық жаңалықтар