- Басты
- Жаңалықтар
- Сенаторлар Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларымен танысты
Сенаторлар Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларымен танысты
Сенаторлар аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайымен танысуды облыс орталығы Көкшетау қаласынан бастады. Депутаттар«Сарыарқа» шағын ауданындағы тұрғын үйлердің құрылыс алаңдарында болып, жаңадан салынған балалар бақшасы мен өрт сөндіру депосының ғимараттарымен танысты.
Көкшетау сүт зауыты мен «Бижан» ет комбинатының еңбек ұжымдарымен кездесу барысында шағын және орта бизнесті дамыту, халықты жұмысқа орналастыру мәселелері көтерілді. Депутаттар ет және сүт өнімдерінің өндірісін келешекте ұлғайтуға назар аударды. Р. Әкімов пен Ж. Ерғалиев Аршалы ауданындағы «жасыл технологияға» бет бұрған Вячеслав орта мектебінде болды.
Бұл оқу орнында тамшылатып суару жүйесі және күн энергиясын пайдалану арқылыоқушылардың өздерікөкөністер мен жеміс өсіретін өз жылыжайы бар. Ақмола облыстық мәслихатының депутаттарымен кездесуде парламентшілер Парламенттің жоғарғы палатасының заң шығару қызметі жұмысының нәтижелері туралы әңгімеледі. Ж. Ерғалиев сонымен қатар Көкшетау қаласында Құрылысшылар күніне арналған салтанатты жиналысқа да қатысты.
Сенатор өз сөзінде Мемлекет басшысы құрылыс саласына және жастар мен халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын тұрғын үймен қамтамасыз етуге баса назар аударып отырғанын атап өтті.
-
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Ақтөбе облысының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары -
Ақмола облысының дамуы: Азық-түлік бағасын тұрақтандыру, инвестиция және түрғын үй мәселері -
Атырау облысының дамуы: Эпидемиологиялық ахуал, инвестиция, ШОБ және тұрғын үй мәселелері -
Павлодар облысының дамуы: Инвестиция, ауыл шаруашылығы және жол мәселелері -
Маңғыстау облысының дамуы: Туризм, ауыл шаруашылығы, инвестиция және ауыз су мәселесі -
Қызылорда облысының дамуы: Тұрғын үй құрылысы, азық-түлік қауіпсіздігі және білім саласы -
Түркістан облысының дамуы: Инвестиция, зауыттардың құрылысы, туризм және жол мәселесі -
Алматы облысының дамуы: Денсаулық, білім саласы, ШОБ және газдандыру мәселесі -
Қарағанды облысының дамуы: экономикалық даму, агроөнеркәсіптік кешен мен «Балқаш-Бурылбайтал» автожолы -
Түркістан облысының дамуы: Сауда айналымы, экспорт, импорт және инвестиция