Астанада тұрғын құрылысына 74,1 млрд теңге инвестиция тартылды

18 Тамыз, 2016 19:37
Астанада тұрғын құрылысына 74,1 млрд теңге инвестиция тартылды, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Құрылыс саласына салынған инвестициялардың негізгі қаржы көздері шаруашылық субъектілерінің өз қаражаты болып табылады, оның көлемі 227,6 млрд теңгені (59,3%) құрады, сондай-ақ 97,3 млрд теңге (25,3%) -мемлекет қаржысы, салымдардың бір бөлігі - құрылыстар мен ғимараттарды салу және күрделі жөндеу бойынша жұмыстар, олардың үлесі 76,7%, немесе 294,6 млрд теңгені құрады.

Тұрғын үй құрылысындағы инвестицияның шамамен 18% Астанаға тиесілі. Үстіміздегі жылдың жеті айында 74,1 млрд теңге инвестиция тартылды.

Барлық жаңалықтар