АШМ: Бордақылау алаңдарының қайтарылымы 3 жыл

18 Тамыз, 2016 15:59
Бордақылау алаңдарының тиімділігі мен қайтарылымы қандай? ҚР АШМ баспасөз қызметі осы сұрақтың айналасында деректер келтіреді, деп хабарлады АШМ баспасөз қызметі.

Мысалы, 10 басқа арналған бір бордақылау алаңына жылына 2 айналым жүргізген кезде, яғни бордақылаудың әр кезеңі 6 айдан болғанда, шығындар 2,8 млн.теңгені құрайды (өгізшелерді сатып алуға – 2,2 млн.тг., азық сатып алуға – 0,6 млн. тг).

 Осындай шаруашылықтың жылдық жалпы табысы 788 мың теңге, ал кредитті өтеу және салық төлемдеріне кеткен шығындарды есептегенде, бірінші жылы 239,0 мың теңге көлемінде пайда табады. Жобаның өзін-өзі ақтау мерзімі – 3 жыл.

Айта кетейік, қазіргі таңда ҚР АШМ тарапынан ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ету және АӨК өнімдері өндірісінің көлемдерін жеке қосалқы шаруашылықтарды пайдалану арқылы арттыру бойынша шаралар қолға алынуда.

 

 

 

Барлық жаңалықтар