- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандық теміржолшылар балалар үйіне қамқорлық көрсетуде
Қазақстандық теміржолшылар балалар үйіне қамқорлық көрсетуде
Қазір теміржолшылардың қамқорлығында Балалар аулының алты тәрбиеленушісі бар. Жұмысшылар жылына бір рет бір күндік жалақыларын балалардың «Жилстройсбербанктегі» жеке шоттарына аударады. Осылайша, олар кәмелет жасқа толғанда баспаналы болуға мүмкіндік алады. Банктегі салымдар сенімді қорғалған. Оны тек балалардың өздері ғана пайдалана алады.
Патронаттық тәрбие идеясын «ӘТЖК» АҚ филиалы, Шығыс Қазақстан жол бөлімшесі аппараты, Защита станциясының дабыл беру және байланыс, локомотив және вагон пайдалану депосы, «Өскементранстелеком» ұжымы қолдады.
«ӘТЖК» АҚ Павлодар филиалының қызметкерлері Шарбақты балалар үйінің екі тәрбиеленушісіне екі жыл ішінде бір миллион теңгені жинап берді. 2014 жылдан бері сегіз жасар Айдана Құнанбаева мен жеті жасар Алексей Ганинге теміржолшылар тарапынан қаржылай қолдау көрсетілуде.
Алғашқы жылы балаларға 346 мың теңге жиналса, бүгінгі күні олардың шоттарына 957 мың жиналып, екі балаға теңдей бөлінді. Қамқорлық көрсеткендердің айтуынша, балалар кәмелет жасқа толғанша шоттарында жеткілікті сома жиналатындықтарына сенімді.
«ӘТЖК» АҚ аймақтық филиалының директоры Серік Балтиннің айтуы бойынша, Шарбақты отбасы үлгісіндегі балалар үйінің тәрбиеленушілері теміржолшылардың көптен бергі достары. Олар әр мереке сайын тәрбиеленушілерге сыйлықтар мен тәттілерін алып барады.
-
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
ІІМ: Балалардың жолдағы қауіпсіздік шаралары -
АҚШ-та балалар арасында коронавирус көбеюде, ал ДДСҰ COVID-19-ға қарсы 3 препаратты сынақтан өткізбекші -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады