- Басты
- Жаңалықтар
- 2016 жылы Ақтөбе облысында ШОБ-ты шағын несиелендіру үшін 4,5 млрд теңге бөлінген
2016 жылы Ақтөбе облысында ШОБ-ты шағын несиелендіру үшін 4,5 млрд теңге бөлінген
Әкімдіктің мәліметі бойынша, негізгі көрсеткіштер бойынша облыста ауыл шаруашылығында, құрылыс, тұрғын үй беруде өсім байқалады және ШОБ субъектілерінің қатары көбейді.
Индустрияландыру картасы шеңберінде ағымдағы жылы 800 жұмыс орындарын құратын 13,2 млрд теңгенің 12 жобасын пайдалануға беру жоспарланған. Оның ішінде 1 жобасы: жылына 111,6 мың тонна болатын шағын тоннажды мұнай өңдеу зауыты пайдалануға берілді. «Ақтөбе» өнеркәсіптік аймағында 200 га аумақты алатын 40 шағын, орта және ірі зауыттар орналастырылады. Қазіргі күні 8,0 млрд теңгенің 5 инвестициялық жобасмын іске асыру басталды және 367 жұмыс орны құрылатын болады.
«Өнеркәсіп өнімінің және инвестициялардың шамалы төмендеуі байқалады және оған сыртқы фактор әсер етті – мұнай мен тау-кен және металлургия өнеркәсібінің металына бағаның төмендеуі сепкі. Сонымен қатар, қабылданған шаралар жылына қорытындысы бойынша кем дегенде 101% -ға дейінгі көрсеткішті болжамдауға мүмкіндік береді. Жыл соңына дейін 32,5%-ға дейін өндіріс үлесін ұлғайту жоспарланып отыр»,-деп хабарламада айтылған.
ШОБ саны 2,9 пайызға өсті және шамамен 60 мыңды құрайды. ШОБ саласындағы ақтөбеліктердің саны 132 мың адамды құрайды.
Хабарламада айтылғандай, «Бизнестің жол картасы 2020», «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020», «Агробизнес-2020» бірыңғай Кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бағдарламасын іске асыру бойынша және басқа бағдарламалар бойынша белсенді жұмыс жасалуда. Осылайша, жыл басынан бері «БЖК-2020» бағдарламасын іске асыруға 4,1 млрд теңге бөлінді және ШОБ-тың 109 жобасы мақұлданды. «ЖҚЖК-2020» аясында ауылдық бизнесті несиелендірудің пилоттық жобасын іске асыру бойынша облыс 5 облыстың қатарына кірді жәіне оның жалпы қаржыландыруы 2,3 млрд теңгені құрады.
Сонымен қатар, аймақта ауылдық жерлер мен жаңадан бастаған кәсіпкерлерге ШОБ үшін шағын несиеге бюджеттен тыс 1,8 млрд теңге қаражат жұмылдырылды. Жалпы, ШОБ субъектілерін шағын несиелендіруге 4,5 млрд теңге қарастырылған және ол 2015 жылмен салысытырғанда 25 пайызға көп.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген