• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстандық десантшылар ҰҚШҰ елдерінің «Өзара іс-қимыл – 2016» оқу-жаттығуының белсенді фазасына қатысуда (ФОТО)

Қазақстандық десантшылар ҰҚШҰ елдерінің «Өзара іс-қимыл – 2016» оқу-жаттығуының белсенді фазасына қатысуда (ФОТО)

18 Тамыз, 2016 10:47
ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлері 18404 әскери бөлімінің десантшы әскери қызметшілері Ресей Федерациясы Псков облысының «Струги Красные» полигонында өтіп жатқан ҰҚШҰ мемлекеттерінің «Өзара іс-қимыл – 2016» оқу-жаттығуына қатысуда, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

Оқу-жаттығуға Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан Қарулы Күштерінің контингенттері тартылды. ҰҚШҰ ҰЖДК-ның тартылған контингенттерінің саны 1 300-ден аса адам.

Оқу-жаттығуға барлығы 6 000-нан аса әскери қызметші, 1 000 бірлік қару-жарақ, жауынгерлік және арнайы техника қатысады. ҰҚШҰ Ұжымдық жедел ден қою күштерінің контингенттері Псков облысындағы «Өзара іс-қимыл – 2016» оқу-жаттығуы барысында шекара маңындағы аймақта қарулы жанжалды оқшаулау жөніндегі бірлескен оқу операциясын пысықтайды. 

«Струги Красные» полигонынан басқа, оқу-жаттығу ниетіне сәйкес іс-қимылдар Батыс әскери округінің тағы екі полигонында өрістетіледі. Фортификациялық арналым аудандары, жедел және тактикалық бүркемелеудің ақпараттық қарсы күрес іс-шаралары жабдықталды.

 

Барлық жаңалықтар