Ақтөбе облысында 15 ауылдық елді-мекенді газдандыру жоспарланған

18 Тамыз, 2016 11:04
Ақтөбе облысында жақындағы 3 жылда су, газ және жергілікті жерлерді жылумен қамтуды жүзеге асыруға 35 млрд теңге бөлінді, деп хабарлады «Ақтөбе ақпарат» орталығы.

Ақпарат орталығының  мәліметінше, сумен қамту жүйесін қайта жөндеу мен құрылысын  Ақтөбе мен 10 жергілікті жерде: Алға, Әйтеке би, Шалқар, Мұғалжар, Темір аудандарында жүргізу үшін  «Нұрлы жол» аясында Ұлттық қордан 4,3 млрд теңге бөлінді.

«Құрылыс-монтаждық жұмыстар басталды, жылу беру маусымына дейін аяқталады. 2017 жылға қарай, аталмыш бағдарлама аясында біз тағы 8,8 млрд теңгенің 30 жобасын жүзеге асырмақпыз. Жыл соңына дейін  9 сумен қамту нысандарын жөндеудің жобасы дайындалады», - делінген хабарламада.  

Сумен қамту және су жібері, жылумен қамту жобаларын жүзеге асыру басталды. Оған республикалық және облыстық бюджеттен 6,8 млрд теңге бөлінді.

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар