• Басты
  • Жаңалықтар
  • СІМ: ҚР-да қаржыны мақсатты жұмсау қаржылық бақылауды қайта қарау аясында басты орынға ие болып отыр (ФОТО)

СІМ: ҚР-да қаржыны мақсатты жұмсау қаржылық бақылауды қайта қарау аясында басты орынға ие болып отыр (ФОТО)

17 Тамыз, 2016 19:39
ЭЫДҰ аясында стандарттарды енгізу қаржыны мақсатты жұмсау қаржылық бақылауды қайта қарау аясында басты орынға ие болып отыр, деді шетелдік дипломатия өкілдеріне арналған брифингте Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов.

Елдің заңнама саласына енген өзгертулер туралы Е.Ыдырысов айтып өткендей, жауапкершіліктің, қаржылық транспаренттік және ортақ бюджеттік қаржыны жұмсау  қаржылық бақылауды қайта қарау аясында басты орынға ие болып отыр.

«Қабылданған нормалар тек әлемдік практикада ғана емес, Ұлт жоспары «100 нақты қадам»  бағыттары бойынша да қарастырылған», - деді министр.

Өз кезегінде,  ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы  Дәулет Нұрғожин айтып өткендей, өзгертулер шетелдік бизнеске қатысты болмайды. Оның айтуынша, заңнаманың жаңа нормалары  ЭЫДҰ елдерінің қатысушы елдерінің қаржы ағымының транспаренттігіне мүмкіндік туғызады.

«Қазақстан елдегі шетелдік бизнестің жағдайына өте қатты мән береді. Оларға барынша жағдай жасауға дайын. Сондықтан шетелдік дипломатиялық корпуспен ашық жұмыс істеуге дайынбыз», - деді Е.Ыдырысов.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар