Атырау мұнай өңдеу зауытын жаңғырту аясында жұмыстардың 75,8 % орындалды

17 Тамыз, 2016 19:18
Атырау мұнай өңдеу зауытының Мұнайды терең өңдеу кешенінің (МТӨК) құрылыс алаңдарында іргетасты қалау және басқа да жұмыстарды орындау кезінде 76 318 текше метр (75,8 %) бетон құйылды.

Қондырғылардың құрылыс алаңдарында 20 801 (99,5 %-ы) қада қағылды, металл конструкцияларының 32 007 тоннасы (90,5 %-ы), жер асты құбырлардың 48 952 метрі (77,2 %-ы) және 1 985 темірбетон мұнаралары (97,7 %-ы) монтаждалды.

Технологиялық құбыр желілерін монтаждау жөніндегі жұмыстар жалғасуда.

Құрылыс-монтаждау жұмыстарына 1 320 адам жұмылдырылды.

 

Барлық жаңалықтар