• Басты
  • Жаңалықтар
  • А.Қазкенов: ҚР Еуразиялық технологиялық платформаның инфрақұрылымдық кеңістіктегі деректерін құруды қарастырады (БЕЙНЕ)

А.Қазкенов: ҚР Еуразиялық технологиялық платформаның инфрақұрылымдық кеңістіктегі деректерін құруды қарастырады (БЕЙНЕ)

17 Тамыз, 2016 17:53
Ұлттық кеңістіктегі деректерінің инфрақұрылымы бойынша жобаны құру аясында және олардың меморгандарда, ұйымдар мен бизнесте тиімді қолданылуы мақсатында, сонымен қатар, азаматтық тұлғалармен, Қазақстан , сондай-ақ, Еуразиялық технологиялық платформаның инфрақұрылымдық кеңістіктегі деректерін құру бойынша Еуразиялық экономикалық ынтымақтастық елдерінің ынтымақтастық мүмкіндігін қарастырады. Бұл туралы «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ төраға кеңесшісі Алан Қазкенов мәлім етті.

«Қазақстан ЕАЭО елдерімен ынтымақсатық мүмкіндіктерін қарастыра алады. 2017 жылдың Жұмыс жоспары – бұл  құрамына қойылатын талаптарды айқындау және Ұлттық кеңістіктіктегі деректер инфрақұрылымын қамту, сонымен қатар, жобаның қаржылық сызбасы, жоба жоспарын дамыту, жобаның заңнамалық нормативтік-құқықтық базасын құру»,-деді А. Қазкенов.

Сонымен қатар, сарапшы жобаның жанама әсері жылына 7,9 млрд теңге деңгейіне есептелінгендігін айтып өтті, ал әлеуметтік әсері – кеңістік деректерінің қол жетімді болуы және жаңа жұмыс орындары.

«Деректерді жинау және олардың бағасын төмендету бойынша жұмыстарды қысқарту, деректердің сапасын жоғарылатады және олардың сәйкестігін қамтамасыз етеді»,-деді ол.

Айта кететік, Ұлттық кеңістіктегі деректер инфрақұрылымы кеңістіктік деректер базасын жаңарту және ортақ пайдалану, жасау, сақтау процесін жүйелеуге бағытталған.

Индира Қауметова

Бейнеге түсірген Азамат Әлиев

Барлық жаңалықтар