- Басты
- Жаңалықтар
- Сингапур «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысу туралы келісім шартқа қол қойды (ФОТО)
Сингапур «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысу туралы келісім шартқа қол қойды (ФОТО)
Кездесу барысында Р. Жошыбаев және Вонг Тун Джун екіжақты сауда-инвестициялық және ғылым саласындағы, соның ішінде «жасыл» технологиялар саласындағы ынтымақтастықты, сонымен қатар Сингапур компанияларының Халықаралық көрмеге қатысуы талқылады. Сингапур Комиссарының айтуы бойынша, Сингапур «жасыл» энергетика секторын белсенді түрде дамытып, бюджеттен 3,4 млрд. АҚШ доллары бөлінген болатын. Бүгінгі таңда, жаңартылатын энергия көздері саласы 18 мың жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, Астана ЭКСПО көрмесін өткізуі жаңа технологиялар ағымына, ғылыми негіздің нығайтуы мен Қазақстанның халықаралық аренадағы оң имидждің қалыптасуына мүмкіндік беретіндігін атап өтті.
Кездесудің қорытындысы бойынша, Р. Жошыбаев пен Вонг Тун Джун Сингапур тарапының «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысу туралы келісімшартқа қол қойды.
«ЭКСПО-2017» Комиссарының Сингапур Туристік агенттер ұлттық қауымдастығының Президенті Дэвиндер Оримен кездесу шеңберінде, тараптар сингапурлық туристерді «ЭКСПО-2017» көрмесіне тарту мүмкіндігін, екі елдің туроператорлар арасындағы туристік пакеттер мен көрме билеттерін сату бойынша ынтымақтастықты талқылады. Дэвиндер Ори Астанада өтетін Көрме сингапурлық туристер үшін Қазақстанмен танысуға және туристік легін арттыруға ерекше мүмкіндік беретінін атап өтті.
Сондай-ақ, Р. Жошыбаев «NATAS Travel Fair 2016» Халықаралық туристік көрмесіне қатысып, Қазақстанның Сингапурдегі Елшілік пен «Эйр Астана» ұлттық авиакомпаниясы ұйымдастырған «Қазақстан - Ұлы Дала Елі» атты павильонмен танысты. Туристік көрме аясында ұйымдастырылған роуд-шоуда ірі шетел туроператорлары мен павильонға келушілері Қазақстанның туристік мүмкіндіктері мен Астанада өткізілетін көрмесімен таңыстырылды.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы