• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚДБ-нің таза пайдасы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 10 млрд теңгені құрды

ҚДБ-нің таза пайдасы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 10 млрд теңгені құрды

17 Тамыз, 2016 14:58
«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ таза пайдасы а. ж. қаңтар-маусымда 10,881 млрд теңгені құрады, бұл 2015 жылдың сәйкес кезеңінен 26,8% артық.

Таза пайыздық кіріс 32,8%-ға - 19,7 млрд теңгеге дейін артты. ҚДБ активтері ағымдағы жылдың басынан бері 4,6%-ға - 2,226 млрд теңгеге дейін, жеке капитал - 3,1%-ға 367 млрд теңгеге дейін өсті, деді Банк төрағасы Болат Жәмішев брифинг барысында.

Таза пайыздық кірістің өсуіне Банктің несие қоржынының 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,6 есеге – 2015 ж. 01 шілдесіндегі 868 млрд теңгеден а. ж. 01 шілдесіндегі 1,417 млрд теңгеге дейін ұлғаюы негіз болды.

«Екінші деңгейдегі банктер арқылы Ұлттық қор қаражаты есебінен өңдеу өнеркәсібін ұзақ мерзімді қаржыландыру аясында (барлығы – 100 млрд теңге) а. ж. 11 тамыздағы жағдай бойынша қордың бірінші траншының 99,5% игерілді, отыз коммерциялық банк 49 млрд 769 млн теңге сомаға 36 жобаны қаржыландырды. Екінші транш аясында игеру 89,1% құрады, он екі ЕДБ 44 млрд 560,3 млн теңге сомаға 49 жобаны қаржыландыруды ашты», - деді Б.Жәмішев.  

ИИДМБ-2 аясында жобаларды несиелеуге (75 млрд теңге), вагон құрастыруға (5 млрд теңге), өңдеу өнеркәсібіндегі қазақстандық экспортты қолдауға (бірінші транштың 50 млрд теңгесі), коммерциялық автотехника лизингін қаржыландыруға (4 млрд теңге) арналған Ұлттық қор қаражаты 100% игерілді.

А. ж. 11 тамыздағы жағдай бойынша жеңілдікті автонесиелеу аясында ҚДБ-мен жалпы 27 млрд 716,8 млн теңге сомаға екінші деңгейдегі банктердің 7 686 өтінімі келісілді, алты ЕДБ 26 млрд 417,2 млн теңге сомаға 7 345 автонесие берді. 

 

Барлық жаңалықтар