Ақмола облысында әлеуметтік нысандардың жөнделуіне 4 млрд теңге бөлінді

17 Тамыз, 2016 15:12
Биыл «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» президенттік бағдарламасы аясында Ақмола облысындағы мектеп-интернатын жаңғыртуға 167 млн теңге бөлінді, 1 қарашаға дейін жұмысты аяқтау жоспарланған.

Аталмыш бағдарлама бойынша 2016 жылы Ақмола облысында  4 млрд теңге бөлінді. 33 білім беру нысаны, денсаулық сақтау және әлеуметтік инфрақұрылым нысандары жөнделуі керек.

«Өңірде  «Нұрлы жол» бағдарламасы аясындағы нысандар да жөнделуде. Оның аясында тек ауруханалар мен мектептер, балабақшалар ғана емес, автожолдар да салынуда», - делінген хабарламада.

Көкшетаудың «Көктем» шағын ауданында балабақша  қайта жаңғыртылуда. Мемлекет аталмыш жобаға 678 млн теңге бөледі.

Биыл  аталмыш бағдарлама бойынша 770 млрд теңге игерілсе, Ақмола облысында 57 млрд теңге игерілмек. 

Барлық жаңалықтар