- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар саны азайып келеді
Қазақстанда ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар саны азайып келеді
Биылғы жылдың қаңтар айынан бастап, балалар үйлері мен нәрестелер үйлерінен отбасыларға 829 бала алынды: қамқорлыққа – 183 бала, патронатқа – 123, асырап алуға – 105, өздерінің туған отбасыларына 418 бала қайтарылды. Бүгін жетім балаларға арналған мекемелерде әлі де 7866 бала қалып отыр.
Қамқорлықсыз қалған балалар санының азая бастағандығынан, оларды тәрбиелеуге арналған мекемелер саны да төмендеп жатыр. Соңғы жылдарда мұндай құбылыс алғашқы рет байқалып отыр. Биыл Шығыс Қазақстан облысындаыл Шығыс Қазақстан облысында 3, Қарағанды облысында 1 осындай мекеме жабылды.
ҚР БҒМ тарапынан күрделі өмірлік жағдайларға душар болған балаларға көрсетілетін әлеуметтік, психологиялық, құқықтық көмектің белсенді жұмыс жасалып жатыр. Келешекте бұл что бабалар үйлерінің отбасыларды қолдау орталықтарына айналдыруға жағдай туғызып отыр.
Мұндай оң өзгерістер ата-аналарының қамқорлығынсыз қалып отырған балалар санының азаю үшін көптеген іс-шаралардың қолға алынып отырғандықтан мүмкін болып отыр. Осылайша, 2016 жылдың 9 сәуірінде «Балалар құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңда отбасында тәрбиелену практикасын кеңейту мақсатында «асырап алушы отбасы» және балалардың каникулдарғы, мереке, не болмаса демалыс күндері орналасатын жанұя – «қонақтау отбасы» деген жаңа ұғымдар енгізілді. Бұл қазақстандық отбасылардың қамқорлық мәселесіне көбірек бет бұра бастауына түрткі болып отыр.
Сонымен қатар, бұған дейін хабарланғандай, елімізде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың және бабаларды отбасыларына тәрбиелеуге ниетті адамдардың Республикалық дерекқоры құрылған. Биылғы шілде айынан бастап, балалар құқықтарын қорғау Комитеті қазақстандық отбасыларында тәрбиелене алатын балалар туралы осы мәліметтерді пилоттық түрде жариялаған. Бұл дерекқор мәліметтеріне Қазақстанның әрбір азаматы, оның ішінде үкіметтік емес ұйым өкілі, қол жеткізе алады. Олардың ашық ақпаратты өз ресурстарында жариялауына мүмкіндік бар.
Қамқорлық органдарының мәліметінше, елімізде балаларды асырап алуға 1800 үміткер тіркеліп отыр. Біздің міндет – қазақстандықтардың бес жастан үлкен балаларды асырап алуға тарту және қамқорлық органдарының жұмыс сапасын жоғарылату.
-
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
МӘМС: Сақтандырылмаған тұрғындар кімдер және олар қалай тіркеледі -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды