Қазақстан мен Финляндия ядросыз әлемге ортақ жолда – СІМ

17 Тамыз, 2016 12:27
Хельсинкиде Қазақстанның Финляндия Республикасындағы Елшісі Мұрат Нұртілеуов Бейбітшілікті қорғау фин одағының Төрағасы, халықаралық ядроға қарсы қозғалысының танымал активисі, бұрынғы еңбек, сондай-ақ Жұмыспен қамту және экономика министрі, Еуропарламенттің экс-депутаты Тарья Кронбергпен кездесті, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.

Сұхбат барысында Елші Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жетекшілігімен ядролық қарусыздандыру, таратпау және азаматтық атомдық жобаларға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету процесінде Қазақстанның тарихи үлес қосуына көңіл аударды.

Халықаралық қатынастардағы оқиғалар мен сын-тегеуріндері аясында Мемлекет басшысының БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясы және Ядролық қауіпсіздік бойынша төрт саммиттерінде атаған бастамаларының талап етілуі, қазіргі замандылығы мен оны жүзеге асырудың тығыздығы атап өтілді.

Т. Кроненберг ғаламдық қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған Қазақстанның қарусыздандыру бастамаларын жоғары бағалады. 

«Қазақстан үлкен сенім мен құрметке ие. Ол қарусыздану үдеріс барысын ғана емес, сонымен қатар халықаралық қатынаста ядролық арсеналдын орны мен рөлін өзгертті.

Әлемдегі төртінші ядролық арсеналдан өз еркімен бас тартқан, Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы шешім қабылдап, ядролық қарудан еркін Орталық Азияда аймағын құру және басқа да көптеген мысалдармен Қазақстан ядролық қауіпсіздікке қарсы батыл бастамасын жылжытуға құқылы» - деді Т. Кроненберг.

Сонымен қатар, оның пікірінше, Қазақстанның аумағында МАГАТЭ басқаратын Төмен байытылған уран банкін құру әлемдік қауымдастықтың жоғары сенімінің белгісі болып табылады.

Отандық дипломат Бейбітшілікті қорғау фин одағының Төрағасын Семей ядролық полигоны жабылуының 25 жылдығы аясында Қазақстанда өтетін мерейтойлы іс-шараларға қатысуға шақырды.

Жыл сайын Бейбітшілікті қорғау фин одағы Хельсинки қаласында Жапониядағы ядролық бомбалаудың құрбандарын еске алуға арналған іс-шаралар ұйымдастырады. Осы жылы Қазақстанның Елшілігі Одақпен бірлесіп Семей ядролық полигоны жабылуының 25 жылдығына арналған фотокөрмені ұйымдастырды.

Іс-шарада Парламент депутаттары, Хельсинкиде тіркелген шетелдік дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары, Финляндияның азаматтық қоғамының өкілдері қатысты.

Қоғамның назарына Семей полигонының құрылу тарихы, сынақ жарылысының салдары, 1991 жылы ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевпен полигонды жабуы және ядролық сынақтардың қайғылы мұрасы мен ядролық қаруды таратпауды еңсеру бойынша еліміздің күш салуы туралы суреттік жылнамасынан құрылған экспозиция көрсетілді. Ядроға қарсы қозғалысында Қазақстанның жетекші рөлі бірнеше рет атап өтілген Вашингтондағы, Сеулдағы және Гаагадағы Ядролық қауіпсіздік бойынша ғаламдық саммиттеріндегі фоторепортаж экспозицияда ерекше орын алды.  

АТОМ Жобасының қызметі мен күш-жігері ерекше қолдау тапты.

Іс-шараның ашылуында Парламенттің депутаты, Африкалық аймақтағы дағдарысты реттеу бойынша Финляндия Сыртқы істер министрінің Арнайы өкілі Пекка Хаависто: «Қазақстан басшылығының Семей полигонын жабу шешімі әлемдегі көптеген мемлекеттер үшін мемлекет және азаматтық қоғамның біріккен күш-жігерінің тиімділігін көрсеткен үлгі болды» деп мәлімдеді.

Іс-шараның соңында қатысушылар және қаланың тұрғындары Қазақстандағы атом сынақтары мен Жапониядағы бомбалаудың құрбандарын еске алу мақсатында Тёёлёнлахти шығанағының жағалауында майшамды жағу мен оны суға түсірумен аяқталды.

 

Барлық жаңалықтар