- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның бірқатар ЖОО-лары 45 «Алтын белгі» иегерлеріне грант ұсынады
Қазақстанның бірқатар ЖОО-лары 45 «Алтын белгі» иегерлеріне грант ұсынады
Бұл игі бастаманы оншақты қазақстандық ЖОО ректорлары қолдап, бүгін олардың бөлгелі отырған гранттық орындар саны да белгілі болды: Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті – 10, Тұран университеті – 10, Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті – 1, Қазақ мемлекеттік заң университеті – 15, Нархоз университеті – 3, С. Демирел атындағы университет – 2, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті - 1, Алматы менеджмент университеті – 1, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті – 2 орын.
“ҚР Білім және ғылым министрлігі ЖОО-ның мұндай бастаманы қолдап, қоғамға, жұмыс берушілер мен түлектерге көрсеткен әлеуметтік жауапкершілік үлгісі үшін алғысын білдіреді. Өйткені, үздік оқып, ҰБТ барысында «Алтын белгіге» лайық жоғары білім деңгейін растаған мектеп түлектері оқуларын тегін жалғастыру мүмкіндігінен айырылуы мүмкін еді. Ондай жағдай «Алтын белгі» иелерінің бәсекелестік деңгейі жоғары, әрі мемлекеттік тапсырысы аз бөлінетін мамандықтарды таңдауларынан туындап отыр”, - делінген хабарламада.
Осылайша, биыл мемлекеттік білім гранттарын ала алмай қалған 45 «Алтын белгі» иегерінің 19-ы экономикалық, 8-і – халықаралық қатынастар, 14-і – заңгерлік, 4-і – аудармашылық мамандықтарын таңдаған. Ал елімізде мемлекеттік білім гранттарының негізгі бөлігі еңбек нарығында сұранысы жоғары, ел экономикасына аса қажетті техникалық және технологиялық мамандықтарға, атап айтқанда, көлік техникасы, құрылыс, радиотехника, электроника, телекоммуникациялар, нанотехнологиялар, т.с.с. көптеген басқа мамандықтарға бөлініп отыр.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Президент тапсырмасы: «Жас ғалым» жобасы аясында 1000 грант бөлінді -
Білім беру гранттарын тағайындау: Қандай құжаттар қажет -
Шетелдегі қандастармен мәдени-гуманитарлық байланыс, білім гранттары және қазақ жастарының клубы -
Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын жүрек» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты -
Қазақстанның сайлау жүйесінің трансформациялануы -
Жаһандық рейтингтегі Қазақстанның аналитикалық орталықтары -
Қазақстанның білім беру нысандары қалай күзетіледі -
Қазақстанның бейбіт бастамалары -
Жеңіс күні: Qaharman1945.kz порталы іске қосылды