• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан мен Германияның экономикалық ынтымақтастығын нығайту әлеуеті бар – ИДМ

Қазақстан мен Германияның экономикалық ынтымақтастығын нығайту әлеуеті бар – ИДМ

17 Тамыз, 2016 15:56
Астана қаласында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі А.Раудың Қазақстан Республикасындағы Германия Елшілігінің Бас консулы Й.Розенберг мырзамен кездесуі өтті, деп хабарлады ИДМ баспасөз қызметі.

Тараптар ағымдағы жағдайды, сондай-ақ инвестициялық ынтымақтастық, энерготиімділік, геология, жер қойнауын пайдалану және өнеркәсіп салаларындағы екі жақты ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын талқылады.

Қазақстандық тарап екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтті, әсіресе экономикалық ынтымақтастықты тереңдету әлеуетіне назар аударды. А.Рау инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі Қазақстан Республикасында қабылданған іс-шаралар туралы хабарлады, Қазақстанға барып келу үшін Германия азаматтары визалық талаптардан босатылғанын атап, сондай-ақ Германиямен іскерлік қатынастарды кеңейтуге қазақстандық тараптың дайындығын білдірді.

Розенберг мырза екіжақты ынтымақтастық деңгейін жоғары бағалап, бірлескен іс-әрекеттің арқасында сауда-экономикалық саладағы өзара әлеуетін іске асыра алатынына сенімді екенін алға тартты.

 

Барлық жаңалықтар