• Басты
  • «Мектепке жол» акциясының 10 күнінде 15 мың оқушы материалдық көмекке ие болды

«Мектепке жол» акциясының 10 күнінде 15 мың оқушы материалдық көмекке ие болды

17 Тамыз, 2016 11:26
2016 жылғы 1 тамыздан бастап 30 қыркүйекке дейінгі аралықта Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жаңа оқу жылы қарсаңында дәстүрлі «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясын өткізуді бастаған болатын, деп хабарлады БҒМ баспасөз қызметі.

Биыл министрліктің бұл бастамасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орайластырылып, «Бақытты балалық шақ мекені» тақырыбы аясында өткізіліп жатыр.

«Акцияның басты мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды жаңа оқу жылына дайындау және олардың әлеуметтік себептермен мектепке бармауын болдырмау мақсатында қажетті көмек көрсету», - делінген хабарламада.

2016 жылғы акцияның акцияның 10 күні ішінде 15 564 балаға жалпы көлемі 111 млн. 953 мың. теңгеге материалдық көмек көрсетілді, 30 мыңнан астам адам 77 437 рейдтік іс-шараға қатысып, 69 595 үйлерге, соның ішінде 2 345 тұрмысы нашар отбасыларын, 666 саяжайды, 1 458 егіндік пен шаруа қожалықтарын, 863 үй жертөлелерін, 707 автожуу бекеттері мен жанармай құю станцияларын, 915 ойын-сауық орындарын, 488 компьютерлік салондарын аралап шықты.

Атап айтқанда, рейдтерге 20 664 мұғалім, балалар құқықтарын қорғау және білім беру органдарының  7 358 өкілі, ішкі істер органдарының 1 605қызметкері, халықты әлеуметтік қорғау органдарының 338 маманы, Үкіметтік емес ұйымдарының 227 өкілі, ата-аналар қауымдастықтарының 2 476мүшесі, бұқаралық ақпарат құралдарының 184 өкілі қатысты.

Акцияның 10 күні ішінде халықтың назарына 120 астам телевизиялық бейнесюжет, сұхбат және хабарлар жасалып,  эфирде көрсетілді, 22радиобағдарлама, 234 мақала жарияланды, 6 721 плакат пен баннерлер басып шығарылды. Сонымен қатар, білім беру ұйымдары «Мектепке жол» жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясын жариялау, акция мақсаттары мен міндеттерін түсіндіруге арналған, акцияға қатысуға шақыратын  кітапшалар, үндеухаттар таратылып, ақпараттық стендтер және т.б. қажетті материалдар ресімделді.

 

Барлық жаңалықтар