- Басты
- Жаңалықтар
- Отандық фармацевтер өз өнімдерін Вьетнамның нарығында ұсынды (ФОТО)
Отандық фармацевтер өз өнімдерін Вьетнамның нарығында ұсынды (ФОТО)
Аталған көрме денсаулық сақтау, медицина және фармацевтика жүйесінің өнім, материал, құрал жабдықтар мен қызмет дүниежүзілік өндірушілеріне жыл сайынғы алаң болып табылады. Ұйымдастырушы ретінде Вьетнамның Денсаулық сақтау министрлігі мен Өнеркәсіп және сауда министрлігі болып табылады.
Биылғы жылы көрмеге 20-дан астам мемлекеттен келген ірі корпорация мен алдыңғы қатарлы компаниялардың 280-нен астам өкілі қатысты. Сонымен қатар, ұлттық стендтерін 10 мемлекет ұсынды, оның ішінде Қазақстан, Иран, Жапония, Оңтүстік Корея, Малайзия, Қытай, Тайвань, Үндістан, Пәкістан және Вьетнам.
Көрменің қатысушылары мен қонақтарына Вьетнам және дүние жүзінің денсаулық сақтау, сондай-ақ медицина салаларындағы соңғы жетістіктер мен инновациялық медициналық технологиялар, аспаптар, аурухана мен оңалту орталықтарына арналған жабдықтар, жаңа дәрі-дәрмек пен фармацевтикалық технологиялар ұсынылды.
Қазақстаннан еліміздің нарығындағы көшбасшы болып саналатын және ТМД елдеріне өз өнімдерін экспортқа шығаратын 5 компания қатысты. Отандық фармацевттер «Kaznex Invest» Экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігінің белсенді қолдауымен және Қазақстанның Вьетнамдағы Елшілігінің қолғабысымен ұйымдастырылған бірыңғай ұлттық стенд форматында қатысты.
Қазақстандық стенд көрменің көптеген қатысушылары мен қонақтарының көңілін аударды. Шара барысында дәрі-дәрмектер және медициналық жабдықтардың дистрибуциясымен айналысатын вьетнамдық бизнесмендермен іскер кездесулер өтті.
Елшіліктің қолғабысымен Вьетнамның мемлекеттік медициналық секторының өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды, атап айтқанда Вьетнамның Денсаулық сақтау министрлігі мен Медициналық жабдықтардың ассоциациясы. Жергілікті нарықты зерттеу, медициналық препараттарды тіркеуге көмек және оларға Вьетнамның мемлекеттік, сондай-ақ коммерциялық нарықтарына жол ашуын қамтамасыз ету және т.б. мәселелер талқыланды. Вьетнам тарапының пікірінше, қазақстандық фармацевтикалық өнім сапасы бойынша дүниежүзілік өндірушілерден еш кем емес, сондай-ақ бағасы бойынша Вьетнам және жалпы алғанда АСЕАН мен Оңтүстік-Шығыс Азия нарықтарында бәсекеге түсе алады.
Халықаралық зерттеу-талдау компаниялардың мәліметі бойынша, Вьетнамның фармацевтикалық нарығының көлемі 2020 жылы қазіргі 3,5 млрд. доллардан 6,6 млрд. АҚШ долларына дейін өсуі күтілуде. Бұл өсім бірқатар факторлардың себебінен болуда, оның ішінде ел халқының қартаюы, қымбаттырақ импорттық инновациялық препараттарға артықшылық беру, денсаулық сақтау саласының мемлекеттік қаржыландыруының өсуі және басқалар.
Анықтама: Вьетнам экономикасы тез дамып келе жатқан мемлекеттердің қатарына кіреді және халық саны бойынша 90 милионнан астам адам мекендейтін ел болып саналады. Осы тұрғыда Вьетнам көптеген түрлі тауарларға, оның ішінде медициналық өнімды қажетсінеді. Еркін сауда аймағы туралы ЕАЭО мен Вьетнам арасында қол қойылған келісім үлкен әлеуетке ие және ол күшіне енген кезде экономикалық ынтымақтастықты кеңейтугемүмкіншіліктер ашылады, атап айтқанда сыртқы сауда қызметі мен вьетнамдық нарыққа қазақстандық өнімнің экспортын өсіру.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар