• Басты
  • Жаңалықтар
  • Жаңа технологиялардың көмегімен өндірістің деңгейін көтеру қажет – депутат

Жаңа технологиялардың көмегімен өндірістің деңгейін көтеру қажет – депутат

17 Тамыз, 2016 09:46
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі Бақытжан Әбдірайым Қаратау қаласындағы «Шолақтау» кен орнының жұмысымен танысып, еңбеккерлерімен жүздесті, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Еліміздегі ірі өндіріс ошақтарының бірі саналатын «Қазфосфат» ЖШС-іне қарасты «Шолақтау» өндіріс алаңында бүгінде 535 адам еңбек етеді. «Қазфосфат» зауыты жылына 1 млн. 744 мың тонна фосфорит шығаратын болса, соның 40 пайызы осы кен орнына тиесілі.

2011-2015 жылдар аралығында кәсіпорынға 2,5 миллард теңге инвестиция құйылған. Кездесу барысында депутат еліміздегі өндіріс ошақтарына мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетілетінін алға тарта келіп, қажырлы еңбектерімен мемлекет дамуына елеулі үлес қосып жатқан кәсіпорын жұмысшыларына жылы лебізін білдірді.

Сонымен қатар, Мәжіліс депутаты «Нұр Отан» партиясының филиалында қоғамдық қабылдау өткізіп, жергілікті азаматтардың өтініш-тілектерін тыңдады.
 

Барлық жаңалықтар