- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда ҚР мен РФ Ішкі істер министрліктерінің бірлескен алқа мәжілісі өтті
Қазақстанда ҚР мен РФ Ішкі істер министрліктерінің бірлескен алқа мәжілісі өтті
Алқа мәжілісінің жұмысына екі мемлекеттің ішкі істер министрлері Қалмұханбет Қасымов пен Владимир Колокольцев, олардың орынбасарлары, қызметтер мен шекаралас ішкі істер органдарының басшылары, сонымен бірге Шығыс Қазақстан облысы әкімшілігінің өкілдері қатысты.
“Делегация басшылары екіжақты ведомствоаралық қатынастардың даму барысына жоғары баға беріп, алғашқы бірлескен алқа мәжілісінің шешімдерін (Астрахань қ., 2015 жыл) іске асыру, әсіресе шекаралас аймақтарда қылмысты алдын ала тергеуді жүзеге асырудағы ынтымақтастық жанданғанын айтты”, - делінген хабарламада.
Қ. Қасымов қылмысқа қарсы күрес мәселесіндегі министрліктердің өзара іс-әрекеті жаңа сапалы деңгейге көтерілгенін атап өтті.
Отырыс барысында екі мемлекеттің экстремизмге қарсы күресте бірлесе әрекет ету мәселелері талқыланды. Террористік және экстремистік қылмысқа қатысы бар іздеуде жүрген адамдар, террористік және экстремистік ұйымдар туралы ақпарат алмасуды жандандыру жолдары қаралды.
Сондай-ақ кездесуде жол қозғалысын қамтамасыз ету саласындағы ішкі істер органдарының екі жақты ынтымақтастығының жай-күйі мен болашағы сөз болып, оны жетілдіру шаралары пысықталды. Бұдан бөлек тараптар автокөлік құралдарын тіркеу және есептен шығару, тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру, сонымен қатар көлік құралдары мен оны ұрлауға қатысы бар адамдарды іздеу үшін жедел іздестіру шараларын жүргізу жөнінде өзара іс-қимыл жасау туралы жедел мәлімет алмасуды жандандыру жолдары туралы пікір алмасты.
Отырыс қорытындысы бойынша делегация басшылары экстремизммен күрес және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастықты жандандыруға бағытталған шешімге қол қойып, бірлескен алқа отырысының 2017 жылға арналған жұмыс жоспарын бекітті.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер