• Басты
  • Жаңалықтар
  • Универсиада-2017 нысандарының іске қосылуы бекітілген уақытынан ерте өтеді – Н.Нуров

Универсиада-2017 нысандарының іске қосылуы бекітілген уақытынан ерте өтеді – Н.Нуров

16 Тамыз, 2016 19:08
Универсиада-2017 нысандарының іске қосылуы бекітілген уақытынан ерте өтеді, деді Орталық коммуникация қызметіндегі брифингте 2017 жылғы 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада дирекциясы жетекшісі Наиль Нуров.

Н.Нуровтың айтуынша, Универсиаданың барлық нысандары алық үшін барынша қолжетімді болады. Қала қонақтары мен тұрғындары үшін Универсиада нысандарының қолжетімділігі турады бағдарлама құрастырылған.

«Қазіргі таңда, 12 және 3 мыңдық мұз кешендерінде спорттық секциялардың кестесі әзірленіп, қала тұрғындары мәнерлеп сырғанау, күрес, бокс, жүзу, би және тб. үйірмелерге жазыла алады. Екі көпсалалы 12 және 3 мыңдық мұз кешендері жылына 800 мың көрерменді қабылдай алады. Мұра бағдарламасы бойынша, Атлеттер қалашығында Олимпиадаға даярлау орталығы, емхана, тұрмыс қызметтері, «Қазпошта бөлімшесі» полиция бекеті тб. Ашылады», - деді ол.

12 мыңдық стадион мен Атлеттер қалашығы бұқаралық спортты дамытып қана қоймай, Алатау ауданының да дамуына оң ықпал етеді.  

«Универсиада –  ел тарихының 25 жылындағы ең ірі  мультиспорттық жарыс.  Ойындардың арқасында, Алматы қаласы жаңа нысандармен толығып жатыр. Көпсалалы мұз кешендері, олимпиадалық қысқы спорт түрлерін дамытатын, танытатын алаңға айналады»,- деп сөзін қорытындылады Н.Нуров.

Индира Кауметова

 

Барлық жаңалықтар