Н.Нуров: Универсиада-2017 спортшылары қатаң допингтік тексерістен өтеді

16 Тамыз, 2016 17:21
Универсиада-2017 спортшылары қатаң допингтік тексерістен өтеді, деді Орталық коммуникация қызметіндегі брифингте 2017 жылғы 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада дирекциясы жетекшісі Наиль Нуров.

«Атлетикалық ауылда спортшылар мен аккредтелген тұлғаларға  амбулаторлық көмек көрсету үшін медициналық орталық (спорттық дәрігерлер, травматолог-дәрігерлер және басқа мамандар, зертханалық-диагностикалық блок, изолятор, дәріхана) және сауықтыру-оңалту іс-шаралары (физиотерапия, ЛФК, массаж) жұмыс істейтін болады. Шұғыл науқастар үшін Универсиаданың ресми ауруханаларына кедергісіз қабылдау ұйымдастырылатын болады», - деді ол.

Құтқарушы дәрігерлер үшін спорттың қысқы түрлері үшін медициналық көмек көрсету және тау дайындығы бойынша оқыту, сонымен қатар медициналық қызметкерлер үшін спорттық медицина және допингке қарсы кодекс бойынша оқытатын тренинг-семинарлар жүргізілетін болады.

Медициналық көмек көрсету жағдайларын тіркеу ағылшын тілінде арнайы формада (анықтама карточкасы) толтырылуы керек. Қазіргі уақытта медициналық қызметкерлердің 130 астам қызметкерлері ағылшын тілін оқиды.

«Әрбір спорттыө жарыс нысанында және Атлетикалық ауылда допинг-бақылау станциялары ұйымдастырылатын болады. 2017 жылғы Универсиада дирекциясы FISU медициналық комитетімен бірлесе отырып, Алматы қаласындағы 2017 жылғы Дүниежүзілік қысқы Универсиаданың допинг-бақылау рәсімдерін, сондай-ақ спортшыларды тестілеуді бөлудің жоспарын әзірледі. Допинг бақылау рәсімдері тестілеуге арналған Дүниежүзілік допингке қарсы күрес кодекстің және Халықаралық стандарттың ережелеріне сәйкес жүргізіледі», - деді ол.

Индира Кауметова

 

Барлық жаңалықтар