• Басты
  • Жаңалықтар
  • Жамбыл облысында егін жинау жұмыстарын жүзеге асыру үшін 14 мың тонна дизельдік отын бөлінді

Жамбыл облысында егін жинау жұмыстарын жүзеге асыру үшін 14 мың тонна дизельдік отын бөлінді

16 Тамыз, 2016 19:51
Жамбыл облысында егін жинау жұмыстарын жүзеге асыру үшін 14 мың тонна дизельдік отын бөлінді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Тілегенов Нұрбай Мейрамбекұлы хабарлады.

Оның айтуынша, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ай сайынғы жанар жағармайды үлестіру, бойынша шілде айына облысқа  АИ-80- 2200 тонна, АИ-92 – 4500 тонна, дизель отыны - 4000 тонна бөлінген. Осы көлемдер облыс бойынша 27 операторларға үлестірілді. ҚР Үкіметі тарапынан  бөлінетін  егін жинау алқабына күзгі дала жұмыстарын жүргізу үшін арзандатылған  14000 тонна (шілде-4000 тонна, тамыз-5000 тонна, қыркүйек-5000 тонна) дизель отыны 10 аудан бойынша 6 аккредиттелген операторларға бөлінді.                            

«Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен арзандатылған дизельдік отынның бағасы тоннасына 95,421 теңге (1 литріне- 88 теңгені) құрайды. Шілде айына облысқа  4000 тонна дизельдік отын бөлінген. Осы бөлінген көлемнің  3871,4  тонна немесе   96,8 % игерілді. Тамыз айына 5000 тонна дизель отының жеткізу жоспарланған. Қазіргі таңда осы көлемнің 2935 тоннасы немесе 76% алынды. Осы алынған көлем аудандардағы шаруа қожалықтарына  үйлестірілуде»,- деп қорытындылады басқарма басшысының орынбасары.

Атап өтерлік жайт, облыс бойынша бүгінгі күнге жанар- жағармайдың қоры:АИ-80 – 2110 тн, АИ-92 – 5330 тн және дизель отыны - 4140 тн.

АИ-80, АИ-92 және дизель отындарын сату бекеттеріндегі сатылым бағаларына мониторинг жүргізіледі, және облыс әкімі аппаратының қаржы-экономикалық және инфрақұрылымды дамыту бөліміне күнделікті ақпарат жолданады.

 

Барлық жаңалықтар