- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Премьер-Министрі ШҚО-да ғылыми-техникалық мәселелер бойынша кеңес өткізді
ҚР Премьер-Министрі ШҚО-да ғылыми-техникалық мәселелер бойынша кеңес өткізді
"Кеңес барысында ғылым мен өндірістің жеткіліксіз интеграциясы, сондай-ақ осы мәселені шешу үшін мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жүйені дамыту қажеттігі басты назарға алынды",-деп ҚР Премьер-министрдің ресми сайты хабарлайды.
Шығыс Қазақстандағы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық ұйымның және өнеркәсіптік кәсіпорындарды өңдеу туралы кеңеске қатысқандарға ШҚО әкімі Д.Ахметов және Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ ректоры Ж.Шаймарданов мәлімдеді.
Медицина, өндірістік және технология саласындағы түрлі ғылыми жобаларды дамыту бойынша «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ тантал өндірісінің директоры А.Цораев, жоба жетекшілері С.Плотникова, Ж.Оңалбаева, М.Дудкин, «Қазмырыш» ЖШС металлургия атқарушы директоры К.Видякин, «Шығыстүстімет» ЖШС жобасының жетекшілері Р.Быков, Г.Нұршайықова, Н.А.Чинакала атындағы Ресей ғылым академиясының Сібір бөлімшесі Тау-кен институтының директоры А.Кондратенко, жоба жетекшісі А.Жылкашинова баяндама жасады.
Кеңеске қатысушылар ғылыми-техникалық әзірлемелерді коммерцияландырудың негізгі элементі нақты экономиканың секторына енгізу екенін атап өтті.
Айтылған жобаларға білім және ғылым вице-министрі Б.Асылова, инвестициялар және даму вице-министрі Т.Тоқтабаев өз пікірін білдірді.
Мемлекеттік органдардың өкілдері міндетті түрде механизм құрып, ғылыми жобаларды және салалық министрліктер бағдарламасын дайындау және жүзеге асыру кезінде атқарушы органдармен, өңірлік техникалық университеттермен және өнеркәсіптік кәсіпорындармен тығыз қарым-қатынаста болуы керектігін айтты.
Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тақырыбын дамыту үшін кеңеске қатысушылар жаһандық дағдарыс жағдайында МЖӘ мемлекеттік міндеттемелерді орындау тиімділігін бюджет шығыстарын және экономикадағы мемлекеттік сектордың үлесін ұлғайтпай-ақ қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
МЖӘ қағидасын дамыту мәселесі туралы «Бәйтерек» АҚ басқарушы директоры А.Қуатова, халықаралық сарапшы, өңірлік ЕҚҚДБ бас экономист А.Прейманис, концессиялық жобаларды өкілі, Global Construction Technologies ЖШС директоры Г.Уатаев сөз сөйледі.
Талқылауды қорытындылай келе, Премьер-Министр ҚР Білім және ғылым министрлігіне айтылған жобалар туралы барлық мәселелерді жинауға және Үкіметі жанындағы ЖҒТК қарауына ұсынуды тапсырды.
«Ешбір жоба назардан тыс қалмауы қажет», – деп атап өтті Кәрім Мәсімов.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді