Универсиада-2017 жеңімпаздары 15 мың доллар көлемінде сыйақы алады

16 Тамыз, 2016 16:43
Универсиада-2017 бірінші орын үшін қазақстандық студенттерге 15 мың доллар көлемінде сыйақы беріледі, деп «Алматы қ. 2017 жылы 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиадаға дайындық және оны өткізу жөніндегі дирекция» МФ жетекшісі Наиль Нұров ОКҚ-да өткен баспасөз-конференциясы барысында мәлім етті.

«ҚР үкіметімен Олимпиада ойындарындағыдай студенттер үшін сыйақылар қарастырылған. Ойын кезінде универсиада қатысушылары студент болуы тиіс. Бірінші орын жеңімпаздарына 15 мың доллар көлемінде сыйақы беріледі, күміс жүлдегерлерге – 10 мың, қола-5»,-деді Н.Нұров.

Сонымен қатар, Универсиаданың ұйымдастырушы комитеті қазақстандық және шетелдік компанияларды серіктесуге шақырады. Қазіргі күні қазақстандық және шетелдік демеушілерді тарту бойынша жұмыс жасалуда. «Самұрық-Қазынамен» меоморандумға қол қойылды.

Сондай-ақ, Универсиаданың ұйымдастыру комитеті Қазақстанның барлық қазақстандық билет операторларын Универсиада билеттерін сатуға қатысуға шақырады. Күз айында шараның ашылуына, жабылуы мен жарысына онлайн және офлайн режімде билеттер сатылымы басталады.

Индира Қауметова

Барлық жаңалықтар