Универсиадаға қатысуға алдын ала 58 ел ресми түрде тіркелді

16 Тамыз, 2016 16:37
Универсиадаға қатысуға әзірше 58 ел ресми түрде тіркелді, деді Орталық коммуникация қызметіндегі брифингте 2017 жылғы 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада дирекциясы жетекшісі Наиль Нуров.

«2 спорт түрінен, 2000-нан астам спортшылар қатысады.  Қазіргі таңда, 58 ел жарысқа қатысу үшін, ресми тіркелді. Универсиада басталғанша, 4 тестілік шаралар ұйымдастырылып, нысандардың  техникалық және ұйымдастыру комитетінің функционалдық бағыттары сыналады», - деді ол.  

Оның айтуынша, Универсиаданы өткізуде, 127 халықаралық төреші, 600-ге жуық ұлттық теникалық мамандар жұмылдырылады. Жарыс уақытында Универсиаданы өткізу жүрісіне онлайн-режимде мониторинг ететін Ойындарды басқару орталығы жұмыс істейді.  

Универсиаданың ұйымдастыру комитеті жарысқа қатысушылар мен қонақтарға барлық қолайлы жағдайды жасауға тырысады:

«Жарыс уақытында 2000-нан астам спортшылар Атлеттер қалашығында  тұрады.  Спортшылардан бөлек, 1000-ға жуық қонақтар, Алматы қонақүйлеріне жайғасады.  Қазіргі таңда, әртүрлі категориядағы қонақүйлермен белсенді жұмыстар атқарылуда», - деді ол.

Индира Кауметова

 

Барлық жаңалықтар