- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Премьер-Министрі республикаға арнап инженерлік-техникалық кадрлар даярлау үдерісімен танысты
ҚР Премьер-Министрі республикаға арнап инженерлік-техникалық кадрлар даярлау үдерісімен танысты
Қазіргі таңда ШҚМТУ – өндірісте жұмыс жасайтын жоғары білікті мамандарды даярлайтын білім беру мекемелерінің тізіміне кіретін Қазақстанның ірі жоғары оқу орындарының бірі, бұл Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасының (ИИДМБ-2) екінші кезеңін жүзеге асыруда аса өзекті.
Кадрларды даярлау үдерісімен Премьер-Министрді ШҚМТУ ректоры Ж. Шаймарданов таныстырды. Университет индустрияландыру бағдарламасына бірнеше бағыт бойынша қатысады. «Металлургия» және «Машинажасау» мамандықтары бойынша оқытуға 2015–2017 жылдары мемлекеттік тапсырыс аясында 124 орын бөлінді. Бұл бағыттар бойынша «Түсті, бағалы, сирек және шашыранды металдар алудың инновациялық технологиялары, инжиниринг» және «Автомобиль жасау және тау-кен машиналары өндірісіндегі инновациялар» білім бағдарламалары жүзеге асырылуда.
2016–2018 жылдары университет екі жаңа бағдарлама – тау-кен металлургия саласындағы жобалау мен инжиниринг және машина жасаудағы киберфизикалық жүйелер бағдарламаларын жасап шығарды.
Премьер-Министр ШҚМТУ оқу корпусын аралап, өңірдің жетекші өндірістік кәсіпорындарымен бірге жүзеге асыруға арналған ғалымдар ұсынған ғылыми-технологиялық бағдарламалар жобаларымен танысты.
Бұдан өзге, Кәрім Мәсімов заманауи зерттеу және өнеркәсіп жабдықтарымен жабдықталған Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің зертханасын қарап шықты. Сондай-ақ Премьер-Министрге «Мехатроника және өндірісті автоматтандыру» жаңа зертханасының «FESTA» роботтандырылған желісі көрсетілді.
Жас мамандар даярлау және жалпы жастарды жұмыспен қамту мәселелері ҚР Үкіметінің айрықша бақылауында екенін айта кеткен жөн. Өңірлерге жұмыс сапарлары барысында Премьер-Министр жас буын өкілдерімен кездесуге айрықша көңіл бөледі.
Таяу жылдары Қазақстанда Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасының екінші бесжылдығы аясында жастардың арасынан 35 мыңға жуық адам жұмыспен қамтамасыз етіледі. Жоғары білімді мамандарға сұраныс 17 мың адамды, техникалық білімі бар мамандарға сұраныс – 18 мың адамды құрайды.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
ҚР экономикасы: ЖІӨ, инвестиция, сыртқы сауда және экономикалық белсенділікті ынталандыру шаралары -
ҚР Энергетикасы: Электронды аукцион мен өткізу процесін жетілдіру және цифрланатын жобалар -
ҚР Денсаулық сақтау жүйесі: көлік медицинасы, дәрігерлер жалақысы, ана өлімі, пандемиямен күрес шаралары -
Мәжіліс отырысы: әлеуметтік кәсіпкерлік, «Ashyq» қосымшасының кемшіліктері, қандастардың ҰБТ тапсыруы -
ҚР Ұлттық ұланы қандай қызмет атқарады