• Басты
  • Жаңалықтар
  • Француз сарапшысы қазақстандық фермерлерге түйе өсіру тәжірибесімен бөлісті (БЕЙНЕ)

Француз сарапшысы қазақстандық фермерлерге түйе өсіру тәжірибесімен бөлісті (БЕЙНЕ)

16 Тамыз, 2016 18:28
в CIRAD-ES (Монпелье, Франция) мал шаруашылық бөлім жобасының менеджері Бернар Файе Strategy2050.kz АА эксклюзивті берген сұхбатында қазақстандық фермерлерге түйе өсіру тәжірибесімен бөлісуге дайын екендігін айтып өтті.

«Бірінші кезекте мен барлық әлем бойынша басқа фермерлермен болған 40 жылдық тәжірибеммен бөлісемін. Мен әлемнің 40-тан астам елінде болып қайттым және ол жерде фермерлермен араласып, мал шаруашылығының жүйесін білдім, олардың негізгі ерекшеліктерін, қандайда бір нақты мәселелерін, олардың ортақ мәселелерін білемін және қазақстандық фермерлерге аталмыш мәселенің шешу жолдарын бөлісе аламын»,-деді ол.

Әрине, француздық сарапшы түйе өсіру саласындағы тәжірибесімен бөлісті, олардың санын көбейту, түйе фермасымен қалай айналысу жолдарын айтып өтті. Сонымен қатар, сарапшы түйе сүтінің өнімі бойынша тәжірибесімен, олардың еті мен жүнін өндеу сынды мәселелерге тоқталды.

«Менің мамандығым – бұл тропикалық жағдайда тропикалық мал шаруашылығы. Өз басым Африка, Таяу Шығыс елдерінде көп уақыт болдым, көп жылдар бойы Эфиопия, Сауыд Арабия елдерінде жұмыс жасадым»,-деді Б. Файе.

Шетелдік сарапшының айтуы бойынша, Қазақстанда түйе шаруашылығын бастау үшін екі маңызды аспекті бар.

«Сіздердің аумақтарыңыз өте үлкен. Менің ойымша, Қазақстан түйе шаруашылығына келгенде маңызды елдің бірі болып табылады. Өйткені, бірнеше ғасыр бұрын ҚР-да түйелер саны көп болды. Бұл мал шаруашылық саласы өзекті дамуды қалайды»,-деді сарапшы.

Сонымен бірге, Б. Файенің айтуы бойынша, өндірісті жаңарту және жаңғырту үшін Қазақстанда шағын жәнеорта бизнеске мемлекеттік қолдау көрсету керек.

«Менің ойымша, сүт шаруашылығы мен түйе шаруашылығына жақсы қолдау көрсету керек және мемлекет қазіргі жағдайда олардың жойылып кетпеуі үшін қолдау жасауы тиіс»,-деді сарапшы.

Индира Қауметова

Бейнеге түсірген Азамат Әлиев

Барлық жаңалықтар