- Басты
- Жаңалықтар
- «Азаматтарға арналған үкіметте» жер қатынастары саласында мемлекеттік қызмет көрсету оңтайландырылды
«Азаматтарға арналған үкіметте» жер қатынастары саласында мемлекеттік қызмет көрсету оңтайландырылды
Елді мекендерде «Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау және бекіту» композиттік қызметіне бірден екі қызмет: «Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау» және «Нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» қызметтері біріктірілді. Оңтайландыру нәтижесінде қызмет көрсету мерзімдері қысқартылды және халыққа қызмет көрсету орталықтарына екі рет бару қажеттілігі жойылды. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарда жер учаскелерінің жерге орналастыру жобаларын әзірлеу және бекіту композиттік қызметіне біріктіру жүзеге асырылды, деп хабарлады «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының баспасөз қызметі.
Мемлекеттік корпорацияның Басқарма төрағасының орынбасары Медет Құмарғалиевтің айтуынша, бұл бағыттағы пилоттық жоба мемлекеттік корпорацияның құрамында ЖерҒӨО мен ЖМО-ның бірігуі арқасында мүмкін болды. Ол: «Жобаны енгізгенге дейін тек кадастрлық құнды анықтау жұмысын орындау мерзімі 10 күнді құраған, оған жергілікті атқарушы органның бекітуіне 3 жұмыс күні қосылады. Сондай-ақ азаматтарға ХҚКО-ға екі рет жүгінуге тура келетін: алдымен құнын анықтауға, одан кейін кадастрлық құнды бекітуге. Енді бұл қызмет жеңілдетілді – құнын анықтауға құжат тапсыра отырып, қызметті алушы бекітілген кадастрлық құн актісін алады. Қызмет көрсету мерзімі 8 жұмыс күніне дейін қысқартылған», - деп түсіндіре отырып, пилоттық жобаны іске қосқан сәттен бастап 1 454 қызмет көрсетілгендігін атап өтті.
Жер учаскелерінің жерге орналастыру жобаларын әзірлеу және оны жергілікті атқарушы органдарда бекіту композиттік қызметіне біріктірудің пилоттық жобасы мемлекеттік қызмет алуды айтарлықтай жеңілдетті. «Бұрын тұтынушыға жерге орналастыру жобасын әзірлеу үшін алдымен ЖерҒӨО-ға жүгіну және оны әзірлегеннен кейін ғана жергілікті атқарушы органда бекіту үшін ХҚКО-ға құжат тапсыру керек болатын. Енді мемлекеттік корпорацияның фронт-офисіне жүгіну және жерге орналастыру жобасын әзірлеуге құжаттар тапсыру жеткілікті, бекітуге ол автоматты түрде жолданады. Бұл «Азаматтарға арналған үкіметтің» барлық фронт-офистерге қосылған «ХҚКО» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінің арқасында мүмкін болды. Пилоттық жобаның қолданылуынан бастап біз 4 мың жерге орналастыру жобаларын әзірледік және 2 мыңнан астамын бекітуге жолдадық», - деді мемлекеттік корпорацияның Басқарма төрағасының орынбасары.
Пилоттық жоба мемлекеттік корпорацияның барлық фронт-офистерінде қолданылады және 20 тамызға дейін созылады. Пилот аяқталғаннан кейін Ауыл шаруашылығы министрлігіне мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар жолданады. Бірақ қазірдің өзінде пилот іс жүзінде уақытты, мерзімді, екі рет баруды қысқарту және «Азаматтарға арналған үкімет» арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасының жақсарту мүмкіндігін көрсетті.
Сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ директорлар кеңесінің отырысында осы жылдың 3 маусымында «Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру» дирекциясын құру бекітілді. Жаңартылған дирекцияның алғашқы жобаларының бірі – алдымен Астана қаласы бойынша, әрі қарай өңірлерде қала құрылысы кадастрымен ықпалдастыра отырып, «Жер және жылжымайтын мүлік» бірыңғай мемлекеттік кадастрын кұру.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді