- Басты
- Жаңалықтар
- Ұжымдық қауіпсіздік Шарт Ұйымы ішкі саясат мәселелерін талқылады (ФОТО)
Ұжымдық қауіпсіздік Шарт Ұйымы ішкі саясат мәселелерін талқылады (ФОТО)
Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан ҰҚШҰ мемлекеттері қорғаныс ведомстволарының басшылары ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің іске қосылу және даму мәселелерін, Ұйымның Біріккен штабының қызметін жетілдіру жөніндегі шараларды, мемлекеттердің әскери ынтымақтастығының болашағын жоспарлауды талқылады. Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысында барлығы 11 мәселе қаралды.
Оның ішінде, 6 елдің қорғаныс ведомстволарының басшылары 2016 жылдың екінші жартыжылдығы мен 2017 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған сыртқы саясат, қауіпсіздік пен қорғаныс мәселелері бойынша кеңес беру жоспарын бекітті. Сондай-ақ, кездесу барысында әуе шабуылына және зымыранға қарсы қорғаныс проблемаларын зерттеу саласындағы базалық ғылыми-зерттеу ұйымдары туралы ереже бекітілді.
2020 жылға дейінгі кезеңде ҰҚШҰ мүше мемлекеттерінің әскери ынтымақтастығын дамытудың негізгі бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына, сонымен қатар, ұйымның Біріккен штабының әскери геральдикалық белгілерін құру туралы қорғаныс министрлері кеңесінің шешіміне қосымша өзгерістер енгізілді. Ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарт Ұйымы бейбітшілікті, халықаралық және өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту, ұжымдық негізде тәуелсіздікті, аумақтық бүтіндік пен оның қатысушы мемлекеттерінің егемендігін қорғау үшін 2002 жылы құрылғанын айта кеткен жөн.
Бүгінгі таңда ҰҚШҰ-ның құрамында бірқатар құрылымдық органдар құрылды. Ұдайы негізде «Шеп», «Өзара іс-қимыл», «Мызғымас бауырластық», «Іздестіру» бірлескен оқу-жаттығулары өткізіліп тұрады. Өткен кезеңде жаңа қауіп-қатерлердің туындауына байланысты, сондай-ақ, өзара іс-қимыл мен әскери ынтымақтастықты нығайту шеңберінде Ұжымдық жедел ден қою күштері, ұжымдық бітімгершілік, авиациялық күштер қалыптастырылып, бас штабтар бастықтары деңгейіндегі Әскери комитет құрылды.
-
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі -
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына текеру жүргізілді -
ІІМ: Балалардың жолдағы қауіпсіздік шаралары -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
Электронды коммерция: өңірлік және ішкі дамуды ынталандыру -
«Қазақстан мұғалімі»: Өтінім мерзімі, жүлде қоры, талаптары мен шарттары