- Басты
- Жаңалықтар
- К.Мәсімов Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мұражайына барды және қоғам өкілдерімен кездесті
К.Мәсімов Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мұражайына барды және қоғам өкілдерімен кездесті
Интернетте немесе электронды түрде пайдаланудың өзге де түрлерінде Мемориалдық кешеннің директоры Болат Жүнісбековтің айтуынша, мұражай қазақтың ұлы ақыны, көрнекті ағартушысы Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығына байланысты тарихи орындарды зерттеуге бағытталған.
Кәрім Мәсімов бірегей мемориалдық кешенінің экспонаттарымен танысты. Мұражайда туысқандары мен достары арқылы сақталып қалған Абай Құнанбаевтың жеке заттары көрсетілді. Мұнда араб, парсы, түрік, орыс тілінде кітаптары, әр жылдағы фотоқұжаттары, ақынның үш ішекті домбырасы, сирек кездесетін және дәстүрлі тұрмыстық заттары бар. Кешенде келушілерді Абай заманын еске түсіретін түрлі жәдігерлер сақталған. Сонымен қатар, ұлы ақынның Михаэлис, Гросс, Долгополов, Лобановский сынды жер аударылған достарымен түскен фотолары сақталған.
Жалпы ауданы 6 400 га құрайтын қорық аумағында 16 тарихи ескерткіш және тарихи орындар орналасқан. Бұл Семей қаласындағы Абайдың әдеби мұражайы мен Ахмет Риза медресесі, М.Әуезовтің Бөрілі жеріндегі мұражайы, Көкбай Жанатаевтың Абай ауданының ауылдық округі Тақыр Көкбай жеріндегі мұражайы, Шәкір Әбеновтің Абай ауданы Құндызды елді мекеніндегі мұражайы, Әсет Найманбаевтың Үржар ауданындағы мұражайы.
Кәрім Мәсімов мемориалды кешенді аралау барысында ауданның қоғам өкілдерімен кездесті. Премьер-Министрмен әңгіме барысында кездесуге қатысушылар Қазақстандағы маңызы зор тарихи-мәдени мұра нысандарын дамыту және сақтау туралы мәселені қозғады. ҚР Премьер-Министрінің алдында Абайдың ұрпағы Б. Манатай, Абай ауданының спорт ардагері М. Мұқанов, Абай ауданының Құрметті азаматы А. Төлеубек, оқушы-олимпиадалардың жеңімпазы Д. Уәлибеков сөз сөйледі. Жолсыздық, Абай мавзолейін және Семей әуежайын жөндеу мәселелері көтерілді.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы