Ақтөбеде «AKTOBE INVEST-2016» халықаралық инвестфорумға дайындық жүруде

16 Тамыз, 2016 17:43
Ақтөбеде IV «AKTOBE INVEST-2016» халықаралық инвестфорумы өтеді, деп хабарлады «Ақтөбе ақпарат» орталығы.

Форумның өтетін уақыты 2016 жылдың 28 қыркүйегі болып отыр. Форум аясында  пленарлық отырыс пен  ХV «Еуропа-Азия» халықаралық бірегей көрмесін өткізу көзделген.

Әлеуетті инвесторларды басым инвестициялық жобалардың  көрмесіне қатысуға шақырады.

Облыс басшылығы форумды ең жоғары дәрежеде өткізуге дайындалып жатыр.  Оның қорытындысы бойынша өңірге инвестиция тартылуы керек.

Хабарламада айтылғандай, қазіргі таңда форумның ресми сайты «аktobe-invest.kz» жұмыс істеп тұр. 

Барлық жаңалықтар