Шығыс Қазақстанда 600 мың га астық жинау жоспарланған

17 Тамыз, 2016 09:02
Шығыс Қазақстанда 600 мың га астық жинау жоспарланған, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Мектепке дейін білім беру деңгейі 99,2 пайызды құрап отыр. Балабақша тапшылығы Өскемен мен Семей қалаларында өзекті болып қалуда.

Биыл білім беру мекемелерінің толықтай және орташа жөндеу жұмыстарына 3,5 миллиард теңге бөлінді. Аймақ басшысы Даниал Ахметов облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омарға апта сайын қала және аудан әкімдерімен осы бағыт бойынша кеңес өткізіп отыруды тапсырды.

Облыста міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жөнінде денсаулық сақтау басқарма басшысының міндетін атқарушы Ғалия Жуаспаева мәлімдеді.

«Әлеуметтік медициналық сақтандырудың бірқатар маңыздылығы бар», - деді. « Ең маңыздысы, барлық сақтандыру қаражаты бір қорда болып, оларды бөлу кезінде барлық тұстар ескерілетін болады. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға 2020 жылға қарай мемлекет, жұмыс беруші және жеке жұмысшы қаражаты енгізілетін болады. Бірақ, қорға қаражат енгізуден азаматтардың 15 әлеуметтік тобы босатылатын болады».

Бұл тізімге жұмыссыз деп танылған азаматтар да еніп отыр.

«Барлық қала және аудан әкімдері жұмыссыз адамдардың нақты тізімін анықтап, сараптау қажет», – деді Даниал Ахметов.

 

Барлық жаңалықтар