Кәрім Мәсімов Шығыс Қазақстан облысына барды

16 Тамыз, 2016 10:28
Мемлекет басшысының тапсырмасымен Премьер-Министр Кәрім Мәсімов өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын бағалау үшін жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына барды, деп хабарлады Премьер-Министрдің ресми сайты.

Премьер-Министрдің жұмыс сапары бағдарламасында инфрақұрылым нысандарын, тарихи-мәдени мұражайын, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын аралап, қоғам өкілдерімен кездесу жоспарланған.

Кәрім Мәсімов облыстың әуежай, теміржол, автовокзал нысандарының қауіпсіздік жүйелерімен танысады деп күтілуде.

Премьер-Министрді Семейде «Жылукоммунэнерго» МКК ЖЭО-1 қайта жөндеуден өткізу барысымен таныстырады деп жоспарланып отыр. ЖЭО-1 қаланың тұрғын үй және әкімшілік ғимараттарының 70%-ын жылумен қамтамасыз етіп отыр.

Сонымен қатар, К.Мәсімовтің жұмыс кестесінде Абайдың «Жидебай-Бөрілі» Мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайына бару жоспарланған. 

Кәрім Мәсімовтің Абай ауданының тұрғындарымен кездесуінде өңірдің маңызды мәселелері талқыланатын болады.

Өскемен қаласындағы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде Премьер-Министр индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының екінші бесжылдығы (ИИДМБ-2) мемлекеттік бағдарламасы және инновациялық технологиялар зертханасының жұмысы аясында білім беретін оқу барысымен танысады.

Премьер-Министрдің жұмыс кестесінде БҒМ, ИДМ, ҰЭМ, облыс әкімдігі, халықаралық сарапшылар, компания басшыларының қатысуымен елімізде мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту мәселесі бойынша кеңес өткізу басты назарға алынған.

 

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар