• Басты
  • Жаңалықтар
  • Алматы облысында жыл соңына дейін 19 ауыл шаруашылығы кооперативін ашу көзделген

Алматы облысында жыл соңына дейін 19 ауыл шаруашылығы кооперативін ашу көзделген

16 Тамыз, 2016 13:32
Алматы облысында жыл соңына дейін 19 ауыл шаруашылығы кооперативін ашу көзделген, деп хабарлады АШМ баспасөз қызметі.

Алматы облысында 18 сүт өнімдерін қайта өңдеу және 15 ет өнімдерін өңдеу зауыттары бар. Алайда, осы зауыттардың орта жүктелімі 50%-дан аспайды. Яғни, облыс бойынша сүт өңдеу кәсіпорындарының 179,5 мың тонна, ет өңдеу зауыттарының 41,5 мың тонна қуаттылығы бар.

Ауыл шаруашылығы және Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрліктерімен бірге облыс әкімдіктері үш жақты іс-шаралар жоспарына сәйкес Алматы облысында жылдың соңына дейін 6 сүт қабылдау пункті және 150 отбасылық бордақылау алаңы бар 19 ауыл шаруашылығы кооперативінің ашылуы жоспарланған.

Осыған қоса, Ауыл шаруашылығы министрі Инвестициялық ахуалды жақсартуға бағытталған жоспар бойынша кредит бойынша субсидияланатын пайыздық мөлшерді 7% дан 10%-ға дейін, лизинг бойынша 10%-дан 13%-ға дейін көтерілетінін хабарлады. Бұл іс-шара АӨК субъектілерінің қаржы ресурстарына қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

Өз кезегінде, бұл іс-шаралар ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз етуге жол ашады. Себебі, Алматы облысында өндірілетін ет пен сүт көлемінің 80% жеке қосалқы шаруашылықтарда шығарылады.

Еске салсақ, Ауыл шаруашылығы министрі ұсынған Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар жоспарына сәйкес келесі 3 жыл (2016-2018 жж) ішінде өңдеуші кәсіпорындарының жүктемелігін 70-80%-ға дейін арттыруға мүмкіндік туады.

 

Барлық жаңалықтар