- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Премьер-Министрі Алматыда қаржы секторы мәселелері бойынша кеңес өткізді
ҚР Премьер-Министрі Алматыда қаржы секторы мәселелері бойынша кеңес өткізді
Кеңесте ҚР Ұлттық банкі төрағасы Д. Ақышев, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы Кеңесінің төрағасы М. Әуезов, «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Ю. Якупбаева сөз сөйледі.
Күн тәртібінде бірнеше тақырып, оның ішінде – Үкіметтің маусымдағы отырысында Премьер-Министрдің берген хаттамалық тапсырмаларын орындау, ҚР Ұлттық қоры қаражаты есебінен өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын қаржыландыру қаралды.
Д. Ақышев реттеушінің жүргізіп жатқан ақша-несие саясаты туралы айтып берді.
Жалпы, оның айтуынша, елімізде ақша-несие шарттары жеңілдетілуде.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ұлттық банк банктердің активтерінің сапасына бағалау жүргізумен байланысты жұмысты жалғастыруда.
«Қазіргі уақытта біз үздік халықаралық практиканы тиімді қолдану мақсатында халықаралық сарапшыларды тарта отырып, әдістеме, ақпаратық ресурстар мәселелерін, реттеуші құралдарды және қолданыстағы құқықтық базаны пысықтап жатырмыз. Банктердің барлық ұсыныстарын мұқият қараймыз, сәйкесінше активтердің сапасын бағалаудың алдағы қадамдары мен тетіктерінде банк секторының пікірлері барынша ескерілетін болады», - деді Ұлттық банк төрағасы.
Сондай-ақ Ұлттық банкте зейнетақы активтерін жеке компаниялардың басқаруына беру бойынша жұмыс қалай жылжып жатқандығы айтылды. ҚР ҰБ болжамына сәйкес зейнетақы жинақтарының бір бөлігін жеке басқаруға беру бойынша іс-шаралар 2019 жылдан ерте емес жүзеге асырыла алады.
«Бірінші кезекте, банктер нақты өндірісті несиелей алатындай жағдай жасауларыңыз керек. Өндіріске қолдау көрсету және жұмыс орындарын құру – бұл ең бастысы», - деді баяндамашылардың сөзін тыңдаған Кәрім Мәсімов.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар