- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда кәсіпкерлік мәселелері бойынша жұмыс тобын құрылады
Алматыда кәсіпкерлік мәселелері бойынша жұмыс тобын құрылады
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша кәсіпкерлікті дамыту ҚР Үкіметінің ерекше бақылауында тұр. Алматы экономикасында шағын және орта кәсіпорындар жетекші орында. Жалпы өңірлік өнімдегі ШОБ үлесі шамамен 35%-ды құрайды.
Кәсіпкерлік құралдарын қолдау үшін елімізде жұмыс істейтіндігіне қарамастан, ШОБ секторында өз уақытында шешілмеген проблемалар туындайды. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов олардың негізгісін санап шықты және шешім жолдарын ұсынды. Бизнес қоғамдастық өкілдерінің айтуынша, қазіргі таңда бизнес бірқатар қиындықтарға тап болуда: қарыз қаражатын алу, өнімдерін өткізу, қазақстандық өнімдерді сатып алу және қамтамасыз ету.
Сонымен қатар, Премьер-Министрмен кездесу барысында кәсіпкерлер салықтық әкімшілендіруді жетілдіру және тарифтік саясаттың қажеттілігі туралы айтты, тауардың шығу тегі туралы растау және ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау туралы мәселелерді көтерді. Жиынға қатысушылар өңірлердің туристік әлеуетін дамыту мәселесіне бөлек назар аударды. Атап айтқанда, Қазақстан туристік қауымдастығының мүшесі Д.Уәлиев туристік нысандарда инфрақұрылымның толыққанды жетіспеушілігін айтты. Осыған орай, ол Кәрім Мәсімовке өңірде Жол картасы туристік инфрақұрылымды қаржыландыру мәселесін қайта қарауды өтінді.
Кеңес барысында Алматы қаласының әкімі Б.Бәйбек дөңгелек үстелге қатысушыларды кәсіпкерлікті қолдау шаралары жайлы хабардар етті. Ол халықаралық «DoingBusiness» рейтингісінде Қазақстан Алматының арқасында 2015 жылы 12 позицияға – 53 позициядан 41-ге көтерілгенін еске салды. Процедуралар 3 есе, мерзімдері 5 есе қысқарды.
Кездесу барысында кәсіпкерлердің сұрақтарына Ұлттық экономика министрлігінің, Қаржы министрлігінің, Инвестициялар және даму министрлігінің, Ауыл шаруашылығы министрлігінің және «Бәйтерек» холдингінің өкілдері жауап берді.
Кеңесті қорытындылай келе, Кәрім Мәсімов іскерлік мәселелердің түбегейлі жаңа сипатын атап өтті.
Талқылау қорытындысы бойынша Премьер-Министр Ұлттық экономика министрлігінің жетекшілігімен ҰЭП-нің, салалық және бизнестің проблемалық мәселелерін шешу үшін мемлекеттік органдардың қатысуымен жұмыс тобын құруды тапсырды.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді